1) 2018 жылы 1 тоқсанына Шыңғырлау ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер туралы талдау

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратында, оның құрылымдық бөлімдерде және ауылдық әкімі аппараттарында аудан тұрғындарынан түскен  өтініштері Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

2018 жылдың 1 тоқсаны Шыңғырлау ауданы бойынша (Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты (әрі қарай әкімі аппараты), оның құрылымдық бөлімдері (әрі қарай бөлімдері) және ауылдық округінің әкімі аппараттары (әрі қарай округ әкімі аппараттары) 185 өтініш тіркелді (жеке – 162 және заңды тұлғалардан – 23)

2017 жылдың сәйкес кезінде 215 өтініш ( жеке – 200 және заңды тұлғалардан – 15), 2018 жылымен салыстырғанда 13,9% артты.

 

1 Кесте(тіркелген өтініштерінің саны)

 

Соның ішінде :

Әкімі аппараты – 55 (29,72%)

Бөлімдер – 60 (32,43%)

Округтер- 70 (37,83%)

 

2 Кесте (әкімі аппаратына, бөлімдерге, округтарға түскен өтініштер)

 

 

Түскен арыз-шағымдардың бөлінісі:

Жерді пайдалану, жерді жалға алу – 67 (36,21 %)

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, халық тұрмыс қажетін өтеу- 56 (30,27%)

Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету - 15 (8,10%)

Білім-14 (7,56%)

Кәсіпкерлік- 5(2,70%)

Ауыл шаруашылығы- 4 (2,16%)

Басқа өтініштер – 24 (12,97%)

 

2) Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратына түскен өтініштер туралы ақпарат

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 55 өтініш түсті, соның ішінде 3 ұсыныс ҮЭП арқылы (үкімет электрондық порталы).

Нақтырақ айтқанда 15 түсінік алды, 40 өтініш аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерге қайта жолданды.

 

Барлық түскен өтініштердің жартысынан жуығы аудан орталығынан түскені төмендегі кестеден көруге болады.

№/№

 

2018 жыл(1 тоқсан)

1

Алмаз а/о

1

2

Ащысай а/о

5

3

Белогор а/о

1

4

Лубен а/о

3

5

Полтава а/о

1

6

Шыңғырлау а/о

40

7

 Орал қ.

1

8

ҮЭП арқылы (үкімет электрондық порталы).

3

 

            Арыз-шағымдар бойынша көтерілген сұрақтар:

№/№

Сипаттамасы

2018 жыл (1 тоқсан)

1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, халық тұрмыс қажетін өтеу

27

2

Еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету

6

3

Жерді пайдалану, жерді жалға алу

7

4

Кәсіпкерлік

2

5

Басқалар

13

 

Түскен өтініштерде көтерілген мәселелерді талдай келе, 2018 жылы 1 тоқсаны бойынша өтініштердің тақырыптары өзгермегендігін атап өтуге болады. Өткен жылдардағыдай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, халық тұрмыс қажетін өтеу сұрақтары  (27 немесе 49 %), еңбек және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету (6 немесе 10,9%), жерді пайдалану, жерді жалға алу (7 немесе 12,72%), кәсіпкерлік (2немесе 9%).

Өткен жылы ауданда 30 тұрғын үй салынып, тұрғын үйдің кезегінде тұрған отбасыларға пайдалануға берілді.

Алайда,  жаңа салынған үйлердің коммуналдық шығындары, оған дейін  пайдалануға берілген үйлермен салыстырғанда жоғары болып шықты. Осыған орай, кейбір аз табыс табатын тұрғындар өздерінің жаңа үйлерін коммуналдық шығындары аз шығатын үйлерге ауыстыру туралы өтінішпен келді.

Барлық өтініштер қанағаттандырылды. 

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген мамандардың үй алу бойынша несиесін толықтай өтеуіне байланысты, ол үйлерді жекеменшігіне өткізу туралы өтініштері де қанағаттандырылды.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша жүгінгендердің бірқатарымен  түсініктеме жұмыстар жүргізілсе,  қалғандары  жұмыссыздар ретінде еңбек қамту орталығында тіркеуге алынды.

 Жер учаскелерін пайдалану мерзімдерін ұзарту және жер учаскелерінен бас тарту мәселелері оң шешілді.

2018 жылы 1 тоқсаны бойынша аудан әкімі аппаратында азаматтардың өтініштерді қарау кезінде орындалуы бойынша мерзімдерін бұзған жоқ.

        

3) 2018 жылы 1 тоқсаны бойынша әкімі аппаратының бөлімдері және ауылдық округ аппараттарына түскен өтініштер туралы ақпарат

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде 60 өтініш ( жеке- 54 және заңды тұлғалардан – 6) тіркелді. 17 өтініш қанағаттандырылды, 41 арыз иесіне түсінік берді, 2 өтініш қарауда.

Ауылдық округінің әкімі аппараттарында 70 өтініш ( жеке -53 және заңды тұлғалардан -17) тіркелді. 36 өтініш қанағаттандырылды, 27-не түсінік берілді, 4 қарау үшін басқа мекемелерге қайта жолданды, 3 өтініш қарауда.

Өтініш берілген тілде жауаптары қайтарылды.

 

4) 2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша азаматтарды қабылдау туралы ақпарат

ҚР Заңының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 13 бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемiнде бiр рет тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүргiзуге мiндеттi.

Әкімі аппаратында бірінші тоқсанда 31 азамат қабылданды. Соның ішінде 11-не түсінік берілсе, 10-на қабылдау кезінде түсінік берілді, 20 өтініш құзыретіне қарай басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданды.

Бөлімдерде 5  қабылданған азаматтарға ауызша және жазбаша түсініктеме берілді.

Округтерде ауылдық әкімдері 15 азамат қабылдаған, 4 өтініш қанағаттандырылған, 11-і түсінік алды.

№/№

Қабылдауды өткізген лауазымы

Қабылданған азаматтардын  саны

1

Аудан әкімі

10

2

Аудан әкімінің орынбасарлары

21

3

Аппарат басшысы

-

4

Ақбұлақ а/о әкімі

2

5

Алмаз а/о әкімі

-

6

Ащысай а/о әкімі

1

7

Белогор а/о әкімі

-

8

Қарағаш а/о әкімі

-

9

Полтава а/о әкімі

3

10

Лубен а/о әкімі

-

11

Шыңғырлау а/о әкімі

9

12

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы

-

13

Ветеринария бөлімінің басшысы

-

14

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

-

15

Жер қатынастары бөлімінің басшысы

-

16

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыңықтыру және спорт  бөлімінің басшысы

-

17

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

-

18

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

-

19

Білім беру бөлімінің басшысы

1

20

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

-

21

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы

3

22

Ішкі саясат бөлімінің басшысы

1

 

Барлығы

51