«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында МКҚК «Болашақ» бөбекжайының «Бәйшешек» және «Жауқазын» ортаңғы топ тәрбиеленушілері арасында «Ханталапай» ойыны өткізілді. Мақсаты ұлттық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру, қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа бір-бірін сыйластыққа тәрбиелеу, «Ханталапай» ойыны туралы түсінік қалыптастыру, ата-бабамыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу болып табылады.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының марияланғанына 1 жыл толуына орай аудандық музейде жиын өткізілді. Маңызды шараға аудан әкімі Альберт Есалиев қатынасты. 

Жыл бойғы атқарылған жұмыстар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағамбетов баяндама жасады. Бейнероликпен өрнектелген баяндамада ауданда атқарылған іс-шаралар жөнінде нақты ақпарат берілді. Аз ғана уақыт ішінде халықтың рухани өсу ісіне өзінің игі әсерін тигізген аталған құжат бойынша жасалынған жұмыстар өте көп.Ағайынды Қазиевтердің ауруханада тегін көмек беруі, музей мен «Ұстаз» ескерткішінің ашылуы, елжанды азаматтардың Ақтауда көпір, Ащысайда музей ашуы, Шоқтыбайда салынып жатқан спорт кешені, халықтың рухын көтеруге арналған кездесулер, конференциялар, дөңгелек столдар т.б. осының айғағы. 

Тұмса жырдан туынды құрап, өмірді өлеңімен жырлаған он екі ақынның шығармашылығы дәріптелді Шыңғырлауда. Бүгін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ауқымды шарада әуелі ақындардың туындылары енген "Елек толқыны" атты жыр жинағының тұсауы кесіліп, аудан әкімі Альберт Есалиев рухани жаңғыру аясындағы мазмұнды жұмысқа зор баға беріп, шығармашыл жандарды құттықтады. Одан әрі әсерлі шара "Електен ескен самал жыр" тақырыбындағы әдеби- сазды кешке ұласты. Сахнадан сұлу жыр төгіліп, сәнді би көз үйірді, ақындардың сөзіне жазылған сырлы әуен- ән шырқалды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек деген болатын. 

Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағадарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында Аудандық орталық кітапханада өлкемізде елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуды насихаттау, олардың еңбек, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Туған жерім – ұлылықтың тұғыры» атты жергілікті ақындармен кездесу кеші өткізілді.

Өткен аптада Ащысай ауылдық округінің орта жалпы білім беретін мектебінде мектеп музейі ашылды. Музейді ашу ісін мектеп басшысы Азамат Битингалиев қолға алып, мектеп ұжымы тұрғындарда сақталған жәдігерлерді жинақтау, оларды реттеп, тарихын зерттеу, бөлімдерге бөліп музейде орналастыру жұмыстарын белсенді жүргізген. Әр уақытта «туған жерге туыңды тік» деген тәмсілді берік ұстанатын осы Ащысай ауылының тумасы, бүгінде Ақсай қаласының кәсіпкер азаматы Орынбасар Кушовтің қаржылай қолдау-көмегімен мектеп мұражайы көпшілікке өз есігін айқара ашты. Ауылдастары ел қадірін жанымен ұғынған Орынбасарға да, салиқалы істі сәтімен тындырған мектеп ұжымына да зор алғыс білдіруде

Ежегодно делегация Чингирлауского района принимает участие в праздновании Наурыза на российской земле – у наших ближайших соседей в г.Соль-Илецк. И в этом году 31 марта, в рамках проведения дней Чингирлауского района, на Соль-Илецкой земле дружно приветствовали казахстанцев – делегацию Чингирлауского района во главе с заместителем акима района Ержаном Турмагамбетовым.На площади перед городской администрацией организаторы праздника – общественная организация «Казахская национально-культурная автономия Соль-Илецкого городского округа», Илецкий железнодорожный участок Филиала АО «Национальная компания «Казақстан темір жолы» и Филиал АО «КТЖ - Грузовые перевозки. Илецкое отделение ГП » - установили юрты, где коллективы накрыли праздничные дастарханы и пригласили отведать казахские национальные блюда всех приехавших гостей. Также угощали всех желающих блюдами казахской национальной кухни и трудовые коллективы школ, детских садов и лицея города, которые приготовили столы с угощениями прямо на улице. Они представили и выставки прикладного творчества, где главными экспонатами стали куклы в русских и казахских национальных костюмах, сувениры.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген маңызды бағыттарының бірі  қазақ тілінің латын графикасына көшуі болып табылады.