Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 
2014 жылғы «7» қазандағы 
№ 196 қаулысымен 
бекiтiлген

 

«Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi жергiлiктi мемлекеттiк басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.

3. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

6. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi басшысының шешiмдерiмен, өкiмдерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, 091204, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы, Бейбітшілік көшесi, 22.

10. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс тәртiбi:

дүйсенбi - жұма күндерi сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi - жексенбi.

11. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы - «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, государственное учреждение «Аппарат акима Ащысайского сельского округа Чингирлауского района».

12. Мемлекет Шыңғырлау ауданының әкiмдiгi тұлғасында «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы болып табылады.

13. Осы Ереже «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

14. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

15. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.

 

2. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң

аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы, мақсаты, қызметiнiң

мәнi, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

16. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: тиiстi әкiмшiлiк - аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.

17. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мақсаты ауылдық округ әкiмiнiң ведомстволық қарамағындағы аумақта мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.

18. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiнiң мәнi: ауылдық округ әкiмiнiң қызметiн ақпараттық - талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

19. Мiндеттерi:

1) ауылдық округ әкiмiнiң нормашығармашылық қызметiн қамтамасыз ету;

2) ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiн және өкiмдерiн қабылдау, оларды тиiстi ұйымдар мен азаматтарға уақытылы жеткiзу;

3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, облыс және аудан әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс және аудан әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) ауылдық округ әкiмiнiң қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтiк құжаттарды, азаматтардың өтiнiштерiн қарастыру, келiп түскен құжаттарды талдау, мемлекеттiк және басқа тiлдердiң қызметiн қамтамасыз ету, азаматтар қабылдауын ұйымдастыру;

5) ауылдық округ әкiмiнiң қатысуымен өтетiн отырыстарды, мәжiлiстердi, семинарларды өткiзудi қамтамасыз ету;

6) мемлекеттiк мекеме әкiмшiсi болып табылатын аудандық бюджеттiк бағдарламаларды бекiту үшiн аудан әкiмдiгiнiң қарастыруына әзiрлеу және енгiзудi қамтамасыз ету.

20. Функциялары:

1) заңнамаға сәйкес шарттар жасайды;

2) өз құзыретi шегiнде шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiне нұсқаулар мен тапсырмалар бередi;

3) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

8) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

9) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

11) нотариалдық iс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;

12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

24) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

25) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

26) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

27) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

28) мектепке дейiнгi тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

29) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

30) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

31) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

32) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

33) аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзедi, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

34) мемлекеттiк мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолданады;

35) учаскелiк полиция инспекторларының ерiктi көмекшiлерiнiң жұмысын ұйымдастырады;

36) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

37) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

38) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;

39) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

40) берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

41) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

42) басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

43) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

44) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

45) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

46) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

47) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

48) елдi мекеннiң жерлерiнде мал жайылымы орындарын белгiлейдi;

49) елдi мекендер аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

50) тиiстi аумақта жануарлардың жұқпалы iндеттерi туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттiк инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын iс-шаралар белгiлеу туралы шешiм қабылдайды;

51) тиiстi аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық iс-шаралар кешенiн өткiзгеннен кейiн бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттiк инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын iс-шараларын алу туралы шешiм қабылдайды;

52) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ветеринарлық пункттердi қызмет бөлмелерiмен қамтамасыз етедi;

53) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауылдық округ әкiмiнiң құзырына жатқызылған басқа да сұрақтарды шешедi.

21. Құқықтары мен мiндеттерi:

Осы ережемен қарастырылған өкiлеттiлiктi iске асыру үшiн «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi:

1) тиiстi аумақта басқарудың тиiмдiлiгiн көтеру жөнiндегi сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттiк органдармен қарым-қатынастарда әкiмнiң, «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн қорғауға;

2) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;

3) Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi және орталық органдары, облыс, аудан әкiмшiлiктерiнiң, әкiмдерiнiң актiлерi мен тапсырмаларын мерзiмiнде сапалы орындауға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға.

«Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мiндеттерiне:

1) әкiм аппаратының ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметiн жүзеге асыру және материалдық - техникалық қамтамасыз ету;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттiк органдар жүйесiнде кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру;

4) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын бағалау жөнiнде уәкiлеттi органға тиiстi ақпарат ұсыну жатады.

 

3. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»

мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн ұйымдастыру

 

22. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты бiрiншi басшысы жүзеге асырады және «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне жүктелеген мiндеттердi атқару үшiн дербес жауап бередi.

23. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шыңғырлау ауданының әкiмiмен қызметiне тағайындалады және қызметiнен босатылады.

Мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы лауазымы сайланбалы болып табылады.

24. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн аудан әкiмдiгiне бекiтуге ұсынады;

2) «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

3) «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң мiндеттерiн және өкiлеттiлiгiн белгiлейдi;

4) «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте материалдық көмек көрсетудi, тәртiптiк жазалар қолдануды жүзеге асырады;

5) өз құзыретi шегiнде «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң барлық қызметкерлерге мiндеттi өкiм шығарады және нұсқаулар бередi;

6) өз құзыретi шегiнде қызметтiк құжаттарға қол қояды;

7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткiзедi;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет етедi және дербес жауап бередi;

9) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттiк мекеменi ұсынады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

«Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiктерiн, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

25. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлiктi басқару уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледi.

26. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi мен үйлестiретiн саласындағы уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледi.

27. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiгi мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiмен және ұжымдық шартпен белгiленедi.

 

4. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi

әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi

 

28. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

29. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты»
мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

 

31. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

32. «Шыңғырлау ауданының Ащысай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк аудандық коммуналдық меншiгiнде қалады.