"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығы.

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы Президентінің
2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына
ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

 

Латын графикасына негізделген қазақ тілі ӘЛІПБИІ

latinalfavit kz