ЖОБА

ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Шыңғырлау ауданы бойынша 2019 жылға

жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 шілдеде № 13898тіркелген) сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Шыңғырлау ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Шыңғырлау ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Шыңғырлау ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

4. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 тамыздағы №98 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4506 тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Т.Сагингереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Тұрмағамбетовке жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

 

Аудан әкімі                                                       А. Есалиев

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « __ » __________
№ ___ қаулысына
1-қосымша

 

Шыңғырлау ауданы бойынша 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

ШЖҚ «Шыңғырлау аудандық орталық аурухана» МКК

281

2

6

2

Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ

48

2

1

3

Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

112

2

2

 

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « __ » __________
№ ___ қаулысына
2-қосымша

 

Шыңғырлау ауданы бойынша 2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Шыңғырлаукомтехсервис» ММК

72

2

1

3

Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

112

2

2

4

«Шыңғырлау колледжі» МКҚМ

             94            

2

2

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « __ » __________
№ ___ қаулысына
3-қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша 2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

«Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі» ММ

115

1

1

2

«Л.Клышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» ММ

133

1

1