ЖОБА

 

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 «___» ________                                                                                              №____

 

2018 жылға егіс жұмыстардың

басталуы мен аяқталуының

оңтайлы мерзімдерін белгілеу

туралы

 

  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшағасәйкес белгіленсін.
  2. "Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. "Шыңғырлау ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Р.Тұрмағамбетовке жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                          А.Есалиев

 

2018 жылғы «     » _______ № __

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің

қаулысына қосымша

 

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

 

басталуы

аяқталуы

1.

Жаздық арпа

1 мамыр

15 мамыр

2.

Жаздық бидай

5 мамыр

25 мамыр

3.

Тары

15 мамыр

30 мамыр

4.

Сұлы

1 мамыр

15 мамыр

5.

Күнбағыс

1 мамыр

20 мамыр

6.

Мақсары

5 мамыр

25 мамыр

7.

Күздік қара бидай

5 тамыз

20 тамыз

8.

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек