Шыңғырлау ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

2016 жылғы 18 ақпандағы                                                                                    № 21

 

 

2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие

мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру

тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру

және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.

2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 28 «2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 А. Халелов

 

Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде

2016 жылғы 17 наурызда № 4297 болып тіркелді

 

Шыңғырлау ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 18 ақпандағы № 21
қаулысына қосымша

 

2016 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк - аумақтық орналасуы

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдары

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшері (теңге)

Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бөбекжай (жергiлiктi бюджет)

1.

Лубен ауылы

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Арай» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

42

28171

28171

5500

Балабақша (жергiлiктi бюджет)

2.

Шыңғырлау ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің «Айгөлек» бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

21670

21670

5500

3.

Тасмола ауылы

Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің «Балауса» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

28536

28536

5500

4.

Белогор ауылы

Шыңғырлау ауданы Белогор селосының «Қарлығаш» бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

26072

26072

5500

5.

Шыңғырлау ауылы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Әкімдігінің «Бөбек» балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

80

32300

32300

5500

6.

Шыңғырлау ауылы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Шыңғырлау аудандық «Шұғыла» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

62

25721

25721

5500

7.

Шыңғырлау ауылы

Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің Шыңғырлау аудандық «Қызғалдақ» балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

58

30328

30328

5500

8.

Шыңғырлау ауылы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің «Балдырған» бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

40090

40090

5500