ҚАУЛЫ                                                                        ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Шыңғырлау селосы                                                                                       село Шынгырлау

28.05.2015 жыл №84

 

«Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік

жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау

ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын

бекіту туралы» Шыңғырлау ауданы әкімдігінің

2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 268 қаулысының

күші жойылды деп тану туралы

 

Нормативтiк құқықтық актiлер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 268 қаулысының (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 
№ 3764 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтар, «Серпін» 2015 жылғы 7 ақпан № 6-7 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімі (С.Б.Тұрғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының көшірмесін бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің аумақтық органына жіберуді;

2) Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының жариялануын және оны ресми жариялау көздерiне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудан әкімі                                                                             А. Халелов

 

Результаты согласования
29.5.2015: Есалиев А. Т. (Есалиев А. Т.) - - cогласовано без замечаний
30.5.2015: Тұрмағамбетов Е. Р. (Тұрмағамбетов Е. Р.) - - cогласовано без замечаний
01.6.2015: Нурушев А. М. (Нурушев А. М.) - - cогласовано без замечаний
01.6.2015: Айтмұхамбетов Қ. Ш. (Айтмұхамбетов Қ. Ш.) - - cогласовано без замечаний
01.6.2015: Шагиров С. А. (Шагиров С. А.) - - cогласовано без замечаний