ҚАУЛЫ                                                                        ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

091200, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, 95

2015 жылғы «24» ақпандағы № 26

 

 

 

 

 

 

«Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы

бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені

бекіту туралы 

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Р.Тұрмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                А.Есалиев

 

 

 

2015 жылғы «24» ақпандағы №26

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

 

«Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - Шыңғырлау ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 091200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, 93.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

13. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) Шыңғырлау ауданының атқарушы билік органының ауыл шаруашылығы саласындағы қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

14. Міндеттері:

«Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.

15. Функциялары:

1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн заңнамаға сәйкес және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;

5) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептілік ұсыну;

7) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;

9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;

10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;

11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;

12) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;

7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері жүзеге асырады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шыңғырлау ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;

2) мемлекеттік органның қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

5) бұйрықтарға қол қояды;

6) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;

8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

9) мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;

10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;

11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

21. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

24. «Шыңғырлау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.