Құрметті шыңғырлаулықтар!

Шыңғырлау ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, шағын және орта бизнесті, аудан инфрақұрылымын дамыту бағытында, ауданда Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындап отырған шаралар жүйелі іске асып келеді. Жолдаудан туындаған негізгі басымдықтар, тапсырмалар аудан тұрғындары алдында түсіндіріліп, күнделікті өмірде іс-жүзінде жүзеге асырылуда.

Өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік. Қазақта «50 жылда ел жаңа» деген нақыл сөз бар. Біздер 50 жылда емес, 25 жыл ішінде жаңа, бәсекеге қабілетті, сын - қатерлерге қарсы тұра алатын елді аяққа тұрғыздық. Жанжалдар мен қақтығыстар тұнып тұрған жер шарында, тарихы бай қазақ халқы үшін ең бастысы бейбітшілік пен келісім. Бұл әрбір қазақстандықтың және Елбасының жемісті еңбегі мен саясаты.

Ауданның күнделікті өмірінде жағымды жаңалықтар легі жеткілікті. Елді-мекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары, әлеуметтік нысандарымызды жөндеу, құрылыс нысандарын іске қосу сияқты шаруаларымыз аяғына дейін жетіп, жұмыстар аяқталды.

Тұрғындар тарапынан қолдау тапқан ауылдық жерлерде ауылдық тұтынушылар кооперативтері, шағын бордақылау алаңдары құрылып, мал басының саны артуда. Шағын және орта бизнес саласы өкілдерінің көбеюімен жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданға инвесторларды тарту жұмыстары жандандырылды.

Сонымен қатар, ірі - қара, жылқы, ұсақ - мүйізді мал басының санын көбейтіп қана қоймай, асылдандыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС САЛАСЫ.

Ауданда шағын және орта бизнес саласы едәуір қарқынмен дамып келеді. 1-2 жыл турасында ашылған супермаркет, ойын-сауық кешені, кафелер және тағы да басқа шағын бизнес субъектілері тұрақты қызмет істеуде. Мемлекеттік салалық бағдарламалар әлеуетін пайдалана отыра, биылда жаңа нысандар іске қосылып, субъектілер ашылуда.

«Битимбаева» жеке кәсіпкерлігі «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие алып, бетондық бұйымдар өндіретін цехы іске қосылды. Цех ашу жұмысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының инфроқұрылымды дамыту аясында іске асып, аудан орталығында тротуар салу тапсырысына қатысты.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Астана» жеке кәсіпкерлігі несие алып, өз істерін кеңейтіп отыр.

«Камзаев» жеке кәсіпкерлігі жаңа заман талабына сай әмбебап дүкенінің құрылысын бастады. Бұл нысан іске қосылған жағдайда аудан орталығының тұрғындары толық азық-түлік қорымен қамтылады.

Сонымен қатар, қайта жанартылған «Әйгерім» кафесі тұрғындар үшін өз есіктерін ашты.

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ.

2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі мен көрсетілген қызметі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда даму қарқыны байқалуда.

Мал шаруашылығын қолдауға арналған шараларға (субсидиялауға) қатысқан агроқұрылымдар 155,3 млн теңге көлемінде демеу қаржы алып, ірі қара мал басының тұқымдық түрлендіруіне алынған субсидия 20 пайызға артты. Ауылдық округтерде құрылған ауылдық тұтынушылар кооперативтері мемлекет тарапынан тұқымдық түрлендіру жұмыстарына қатысып, субсидия алуда.

 

Егін шаруашылығы.

Ауданның диқаншыларымен 11125 гектар егістік алқапқа 3647 га дәнді, 1196 га майлы, 5992 га мал азықтық және 290 га бау-бақша дақылдары егілді. 4843 гектарға өнім салған шаруалар 4841 тонна өнім жинады.

Күз мезгілінде диқандармен 1366 гектарға күздік бидай мен күздік қара бидай дақылдары егілді.

Аудан шаруашылықтарында 2016-2017 жылдарға арналған мал азығын дайындау науқаны барысында 89100 тонна мал азығы дайындалды.

Ауданның ауылшаруашылық құрылымдарымен техникалық базаларын жаңарту бойынша жұмыстар жандандырылып, ауылшаруашылық құрылымдарымен сомасы 71,5 млн теңгеге 19 жаңа техника сатып алынды.

Ауданда бруцеллез ауруына қарсы сауықтыру жұмыстары жүйелі ұйымдастырылып, осы күнге дейін бруцеллезге қарсы серологиялық зерттеуден 35 мың 181 ірі қара және 51 мың 414 ұсақ мүйізді мал бас санынан қан алынды.

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫ.

Аудан халқын жұмыспен қамту Кешенді жоспарына сәйкес, өткен жылы 711 адам жұмыспен қамтылды.

 

СУМЕН, КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ.

Ауданда жыл өткен сайын елді-мекендерді ауыз сумен, техникалық сумен, көгілдір отымен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асуда. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Тасмола, Ақсуат, Шоқтыбай елді мекендерінің су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға қолдануға берілді.

Ағымдағы жылы аудан бойынша 5 елді-мекенге көгілдір отын кіргізіліп, соның ішінде 22-і әлеуметтік нысан табиғи отынмен қамтылып отыр. Жоспарланған 20 елді-мекеннің 19-на газ жеткізіліп, ауданды көгілдір отынмен қамту 95%-ды құрады.

 

ТҰРҒЫН-ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ.

Абаттандыру саласы бойынша көктем және күз мезгілдерінде 7 мыңнан астам тал-шіліктер отырғызылды және 149 тонна күл-қоқыс шығарылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде, Ащысай, Лубен, Амангелді елді-мекендерінің әлеуметтік нысандары қоршалды.

2015 жылы бастауын алған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 290 орындық бала-бақшаның құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Ұлттық қор есебінен 108 учаскіге инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толығымен аяқталды.

Аудан орталығында авариялық деп танылған 8 пәтерлі 2 қабатты тұрғын-үй тұрғындарын тұрғын-үйлермен қамту шаралары іске асырылуда.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАР.

2015-2016 жылдарға арналған оқу жылында 62 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Орташа бал 84,9% құрап, өткен оқу кезеңінің қорытындысына сәйкес 0,2%-ға өсті. 4 оқушы «Алтын белгі» медалі иегері, 2 оқушы «Үздік аттестат» игері атанды.

Елбасының атап өткен кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін дамыту, түлектерді жұмысқа орналастыру шаралары ауданда жүйелі іске асып келеді. Техникалық және кәсіптік білім беру саласының 2015-2016 оқу жылында 20 түлек оқуын аяқтап, 10 түлек тұрақты жұмысқа орналасса, қалған 10 түлек әскер қатарына шақырылды. Оқушылар техникалық және кәсіптік білім алу үшін жатақханамен, тәжірибе жинақтауға әр түрлі техникалармен қамтылып, дуалды оқыту әдісі бойынша ауданның бизнес субъектілерімен келісімдер жасалды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға Алмаз ауылының Алмаз жалпы орта білім беру мектебіне күрделі жөндеу жүргізіліп, Белогор негізгі мектебінің шатыры ауыстырылып, аудан орталығында орналасқан Шилі және Шыңғырлау мектептерінің қазандықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Арай» жазғы балалар лагерінің ғимаратын ағымдағы жөндеу, «Бөбек» бала-бақшасына көгілдір отын тарту жұмыстары соңына дейін жеткізіліп, жұмыстар аяқталды.

Ауданның денсаулық саласында ана мен бала өлімін болдырмау, жүрек-қан тамыр ауруларынан болатын өлімді азайту, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Белогор және Алмаз ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктеріне УАЗ автокөліктері сатып алынды.

Аудан тұрғындарының уақытын тиімді өткізіп, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасау бағытында, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Шыңғырлау» спорт клубы», «Тамирлан» жеке кәсіпкерлігінің бастауымен құрылған ат спорты клубы тұрақты қызмет істеуде. Аудан жастарының бойына ұлттық ат спорты түлерін дарыту бағытында, ауданның азаматтары аудандық, облыстық және облыс қатарында республикалық жарыстардың жүлдегерлері атануда. Өткен жылдың қыркүйек айында Шыңғырлау ауылында көкпар ойынынан облыстық ашық біріншілік ұйымдастырылып, тартысты өткен жарысқа Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының және Орал қаласының шабандоздары қатынасты.

Сондай-ақ, ауданда бокс, гір спорты, күрес түрлері мен қыздар арасындағы воллейбол ойыны жақсы қарқынмен дамып келеді. Шымкент қаласында өткен «Шұбар доп-2016» мектеп лигасында облыс намысын қорғаған Шыңғырлаулық воллейболшы қыздар республика бойынша ІІ орынмен оралды. Аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қайсар Құсайынов, ардагерлер арасындағы самбодан әлем чемпионы атанды. Дәстүрлі түрде өтетін КСРО чемпионы Еділ Ишекеновты еске алуға арналған бокстан ашық турнир республикалық деңгейді иемденіп, жарыс жеңімпазы атанған былғары жас өреңдерге спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді.

Аудан жастарына спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында, Шыңғырлау және Шилі мектептерінің аумағында 2 спорт алаңының құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. Шилі мектебінің алаңында тұрғызылған әмбебап спорт алаңы «Оралагрореммаш» акционерлік қоғамының көмегімен іске асты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Алмаз ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргзіліп, аяқталды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне УАЗ автокөлігі беріліп, Ащысай және Шоқтыбай ауылдарында 2 модульді кітапхана жұмысын бастады.