Құрметті Нұрлан Асқарұлы, қадірменді ауылдастар!

Елбасының жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі Жарлығы негізінде, еліміздің барлық деңгейдегі әкімдері, жыл бойы атқарған жұмыстары, алдағы жылдағы жұмыс ауқымын айқындау мақсатында халықтың тілегі мен сұраныстарын, талабын тыңдау дәстүрге айналған, билік пен халықтың көңілінен шыққан игі істердің бірі.

Есептік кездесулер маған аудан әкімі ретінде өте маңызды. Өйткені олар алдағы жұмыстардың бірінші кезектегі міндеттерді анықтап, тұрғындардың қажеттілігімен біздің жоспарларымыздың сәйкестігін салыстыруға мүмкіндік береді.

Өткен 2015 жылы осындай есептік кездесулерде аудан тұрғындарының тарапынан 21 ескертулер мен ұсыныстар түсіп, оларға іс-шаралар жоспары жасақталды, көтерілген мәселелердің бір қатары шешілді.

Шешімін таппаған мәселелер бұлар әрине қомақты қаражат қажет ететіні белгілі, дегенмен айтылған ұсыныстарды біз мүмкіндігіміз жеткенімізше шешуге жұмыстанудамыз.

Өткен 2015 жылды қысқаша қорытындылап, саралай өтсек, былтырғы жылға өкпе жоқ деп айтуға толық негіз бар. Олай дейтініміз, былтырғы жылы біркелкі шаралар атқарылды.

Солардың бірі, былтырғы жылдың басты оқиғасы болып саналатын - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқаны. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, еліміздің басты шарасына Шыңғырлаулықтарда өз үлестерін қосты. Сайлауға қатысқан аудан тұрғындарының 98 пайыздан астамы Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенім білдіре отыра, өз жеке дауыстарын сеніммен берді. Бұл дегеніміз, бүгінде елдің жүгін шет ел мен ел ішінде арқалап жүрген Елбасының салиқалы, сабдарлы саясатына сенім білдіруіміз. Жеке өз атымнан, барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін.

Осы және де басқа да атқарылған жұмыстар жөнінде 2016 жылдың қаңтар айында барлық ауылдық округтерге есептік кездесулер өткізілді. Осы есептік кездесулерде 8 сұрақ-өтініштер түсіп, барлығына түсінік беріліп, өзіміздің жұмыс жоспарымызда ескеретін боламыз.

Құрметті жерлестер! Былтырғы жыл үлкен шараларды ұйымдастыру мен атап өтуде жемісті жыл болды. Елбасының жарлығына сәйкес, 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. 130 ұлт мекен еткен жас мемлекет үшін бұл институт уақытылы құрылды. Сонау ерте заманнан бергі уақыттан, біз әрқашанда достықты, татулықты, мейірбандылықты, үлкенге құрмет, жас буынға ізет көрсеткен халықпыз. Әр түрлі ұлт пен ұлыстың арасындағы достықты нығайтуда, салт-дәстүрімізді насихаттауда құрылған әлемдік теңдесі жоқ институттың 20 жылдық мерейтойын атап өттік.

Сонымен қатар, былтырғы жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығын», Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерейтойларын атап өткіздік. Бұл шаралар аясында «Аққұмнан шыққан - Ақберен» атты Бөкенбай Баһадүрге арналған деректі фильмін түсірдік. Бұл фильм облыс әкімінің тікелей қолдауымен мәдениет және спорт министрлігінің республикалық жоспарына енгізілген облысымыздағы жалғыз жоба екінін мақтанышпен айтамыз. Аудан орталығы Шыңғырлау ауылында «Ханы сайлап, халқы сенген - Бөкенбай» атты конференция өткізсек, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аясында ауданымыздың  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет-қошемет көрсетілген болатын. Сондай-ақ, аудандық орталық саябақ алаңында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Қалампыр Рахымованың құрметіне ескерткіш орнатылды.

Бұл мәдени-ағартушылық, көпшілік шаралардың бір-екеуі ғана. Жыл бойына аудан тұрғындарының қатысуымен 100-ден астам шара өткізілді.

Өткен есептік кезең, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауларынан туындаған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған болатын.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту, халықтың әл-аухатын арттыру, аудан бойынша жұмыссыздардың санын кеміту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу, елді-мекендерді абаттандыру, таза ауыз сумен, көгілдір отынмен, байланыс желілерімен толыққанды қамтамасыз ету, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында бір қатар істер тындырылды.

Атап өтсек, Белогор ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын қараша айында және «Арай» балалар жазғы лагерін желтоқсан айында түгелдей көгілдір отынмен қамту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Сегізсай, Алмаз, Лубен, Қайынды, Қарағаш ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды газдандыру мәселесі бойынша 2016 жылы жұмыстар жалғасын табатын болады. Аудан орталығындағы 290 орындық балабақша құрылысыда аяқталуына тәмам. 2012 жылы «Жаңғырту» бағдарламасы аясында 2 қабатты 20 үйге жүргізілген жөндеу жұмыстары былтырда жалғасын тауып, 5 екі қабатты тұрғын үйлердің терезелерін ауыстыру және кәріздер орнату жұмыстарына 19 млн 800 мың бөлініп, жұмыстар түгелдей аяқталды. Сонымен қатар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шатыры мен қабырғалары ауыстырылды. Бұл жұмысты іске асыруға 4,4 млн бөлінген болатын. Осы жерде айта кететіндігі, былтырғы жылдың ақпан айында Шыңғырлау спорт клубы құрылды. Спорт клуб жанынан «Темірлан» шаруа қожалығымен келісім-шарт жасақталып, ат спорттық клубы жұмыс жасауда. Көкпар, жамбы ату, аударыспақ және тағы да басқа ұлттық спорт түрлеріміз жақсы дамуда. Былтырғы Ұлттық спорт ойындарынан өткен облыстық спартакиадада спортшыларымыз жоғары көрсеткіш көрсетіп, Батыс Қазақстан облысының құрамында Қазақстан Республикасының біріншілігіне де қатысып келді. Ат спортына қатысамыз деушілердің саны артуда. Сонымен қатар, Қылышев атындағы Шилі мектебінің аумағына шағын-футбол ойынына арналған қорапша тұрғызылды. Бұл іс «Оралагрореммаш» акционерлік қоғамымен іске асып отыр. Бұл тұрғыда, ең алдымен тұрғындарға ұлттық спорт және басқа да спорттық ойындармен айналысуға қол жетімділік артып отыр. Екіншіден, мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті дамытуды қолға алып отырмыз. Елбасының атап өткен, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік саласында жаңа істеріміз бастауын алып отыр. Мысалға, ауылдық округ әкімдерінің бастауымен Ащысай және Амангелді ауылының ұзындығы 3 шақырымды құрайтын көшелерге демеушілер арқылы щебень тасы төселді. Қарағаш ауылындағы газ құбыры трассасының өткізілуін пайдалана отыра, жеке тұрғын үй секторына ауыз су тартылып берілді. Белогор ауылында «Сәулет плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен ауылға кіре-беріс көпір жөндеуден өткізілді. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруда, едәуір аудан бюджетінің қаржысын үнемдеп қалдық.

Дегенмен, дағдарыс салдарына байланысты кейбір жоспарлаған шараларымыз іске аспай қалып отыр. Солардың бірі, жобалық-сметалық құжаттамалары дайын Тасмола, Ащысай, Амангелді және Лубен ауылдарын таза ауыз сумен қамту мәселесі. Жыл басында 3 ауылымызға қаржы бөлінгенмен, бұл жобалар кейінге қалдырылды.

Елбасының атап өткен «Ең алдымен экономика, содан соң саясат» қағидасы біздің де басты қағидаларымыздың бірі.

Елбасы үнемі жергілікті жерлерде жұмыссыздықты азайту, жұмыссыздықпен күресу және жұмыс орындарын ашуды басты міндет етіп тапсырды. Қазіргі әлемдік дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтап қалу, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жұмысқа орналасуына тиімді жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың басынан бері, аудан бойынша 387 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, жоспар 154 пайызға орындалды. Сондай-ақ, нысаналы топқа жататын 55 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Аудан бойынша 342 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, жыл басынан 515 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 150 пайызға орындалды.

2015 жыл бойы 308 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылып, әр түрлі мамандықтар бойынша 39 жұмыссыз оқытылып, 29 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бүгінде еліміз бойынша үш ауысымды және апатты мектептерді жою жөніндегі Елбасының тапсырмасы бар. Аудан бойынша қазіргі таңда 16 мектеп, 19 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 8  балалар бақшасы, 3 «мектеп-балабақша» кешені, 8 шағын орталықтар қызмет істеуде. Ауданда жоғарыда аталған кемшіліктер жоқ. Тек алаңдататын жағдай бұл мектептердің қысқартылуы мен жабылуы. Өткен жылдың өзінде халықтың, оқушы санының азаюына байланысты Аққұдық және Қызылкөл мектептерін жабуға тура келді. Оның алдыңғы жылдары Белогор орта мектебі - Белогор негізгі мектебіне, Жаңакүш, Правда, Қайыңды, Константиновка негізгі мектептері - бастауыш мектептерге айналды. Бәрімізге мәлім, мектептер ауылдық жерлерде ең негізі әлеуметтік ошақтардың бірі болып табылады. Егер мектептер жабылатын болса, халықтың басым бөлігі көшіп кететіндігі белгілі.

2015 жылдың қорытындысы бойынша 428 бала балабақша кезегінде тұр. Балабақша кезегіндегі балалардың көпшілігі аудан орталығы Шыңғырлау ауылына тиесілі. Осы мақсатта  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаржыға аудан орталығында 290 орындық типтік үлгідегі балабақша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Балабақша құрылысы осы жылы аяқталады деп күтілуде.

Білім беру жүйесін дамыту басты мәселе болып қала бермек. Ауданның барлық білім беру нысандарын көгілдір отынға қосу алдағы уақыттың еншісінде. Сондай-ақ аудан орталығында мектеп-гимназия ашу мәселесіде күн тәртібінен қалған емес.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында жастарды білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдылануды, жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл баруды шақырды. Барлығымызға белгілі Ұлт көшбасшысы айтып өткендей, қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеру қажеттігін айтты.

Бүгінгі жастардың көпшілігі жоғары оқу орындарына түсуге құлшыныс танытып отырады. Жастарымыз экономикалық, қаржыгер, заңгер мамандықтарына көптеп баруда. Ал керісінше, білім, мәдениет, денсаулық, кәсіптік-техникалық білім беру саласына білім алуға баратындар тым аз. Мәселен, осы мамандық иелеріне Үкімет тарапынан көтерме жәрдемақы, үй алу үшін пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие. Былтырдың өзінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу үшін ауданымызға 50 млн. 541 мың теңге бөлініп, 18 маман баспаналы болды.

Сонымен қатар аталған бағдарлама бойынша 64 маманға 8 млн. 943 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлініп, бүгінгі күнге 25 маманға 3 млн. 467 мың теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді.

Бұнын барлығы ауылдың көші-қон мәселесін тұрақтандыру, жастарымызды ауылға тарту бағытында атқарылып жатырған жұмыстар. Сонымен қатар, мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауданымызға жұмыс жасауға келетін жас мамандарға кәсіпкерлер арқылы жаңа үйлер салып беру мүмкіндігін  де қарастырудамыз.

Еліміздің Ұлт көшбасшысы өз Жолдауында кәсіптік білім беру жүйесіне көп мән аңғартты. Біздің ауданда да бұл оқу жүйесі қолжетімді. Шыңғырлау колледжі облыс бойынша 14 колледж арасындағы дуалдық оқыту жүйесінің элементтеріне енгізілген бірден-бір оқу орны. Шыңғырлау колледжі "Фермер шаруашылығы" мамандығының "Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинисі" біліктілігі бойынша білім алып жатырған 3 курстың студенттеріне (20 оқушы) дуалды оқыту элементтерін енгізді. Осы мақсатта, колледждің әлеуметтік серіктесімен "Ғайни", «ГЕФЕСТ»  шаруа қожалықтарымен,  «Мансур»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 3 жақты келісім шарт жасалды. Шаруа қожалық базасында мамандықты толығымен игеруге байланысты барлық жағдай жасалған. Соның ішінде өндірістік орындардан бөлек теориялық оқытуға арналған кабинетпен жабдықталып отыр. Білім алу жүйесінде бұл жақсы нәтиже. Бұл бағытта кәсіптік оқуды тереңдетіп, дамыта түсуіміз қажет.

Нұрлан Асқарұлы, өзіңіз білетігдей, былтырғы жылдың маусым айында Ашысай ауылының «Ғайни» шаруа қожалығының базасында «Инвестиция тарту-экономиканың даму жолы» атты облыстық семинар өткізілген болатын. Өзінің аты айтып тұрғандай, ауданымызға инвестиция тарту, кәсіпкерлік шаруашылығын өркендету басты міндетіміз болды және де қала бермек. Шағын және орта бизнес саласының даму қарқынынан бастап, соңғы үлгідегі жел және күн энергиясын пайдаланатын гебридттік электро станцияның жұмысын таныстыра отыра, ауданымыздың тиімділігін, орналасу жағдайын, климатын айта өтіп, инвесторлардың келуіне жарнама жасалғандай болды. Осы семинардың нәтижесінде ауданымызға Ақтау, Орал, Ақсай, Ақтөбе  қалаларынан келіп кәсіптерін ашып, жұмыс орындарын береміз деген инвесторлар ниет білдіріп, алыс елді-мекендердің жел және күн энергиясын пайдаланатын гебридттік электро станциясына қызығушылық танытқандар да табылуда.

 

Құрметті жерлестер!

Қазақстан - ірі аграрлы ел. Аграрлық сектор аудан экономикасы үшін маңызы зор және аудан халқының жартысынан астамының негізгі табыс көзі болып табылады.

Қазіргі таңда ауданда ауыл шаруашылық саласы белсеңді дамып, айтарлықтай нәтижелерге де қол жеткізіп үлгердік.

Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімімен көрсетілген қызметі 4 660,3 млн тенгені құрады, соның ішінде өндірілген өсімдік шаруашылығы өнімі - 1 321,4 млн тенге, мал шаруашылығы - 3 331,7 млн тенге.

Ауданның ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкесті кезеңінің деңгейіне 107,4 %-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы - 105,4 %, мал шаруашылығы - 108,3 %.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында ылғалды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек» деген болатын. Бүгінде жауын-шашын аз, жердің дымқылдығы төмен, сондықтан шаруалар өнімдерінің шығымдылығы күрт төмендеп кетті. Біздер Жолдауда айтылған тапсырмаларды ескере отыра, көкөніспен, майлы және мал азықтық өнімдерге көп көңіл бөлуіміз тиіс. 2015 жылдың көктемгі егіс науқанына ауданның егістік алқаптары бар 35 шаруа құрлымдарынан 25 шаруа құрылымдары қатысып 6742га дәнді, 3757 га майлы, 6843 га мал азықтық, барлығы 17 342 га егістік алқапқа дақылдар себілді. Өсімдік шаруашылығы саласына көктемгі егіс пен күзгі егін жинау жұмыстарына Үкімет тарапынан арзандатылған 831 тонна жанар май, 17 тонна минералды тыңайтқыш бөлініп, шаруашылықтарға  61,8  млн тенге субсидия төлемдері төленді.

Облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының «Агробизнес-2020» бағдарламасының 22 шебер жоспарларының бүгінгі күнге 19 шарасы толығымен орындалды, қалған 3 шарасы, яғни Жанакүш ауылындағы су бөгетінің жанында алма ағашы бағын, Лубен ауылында балық өсіру шаруашылығының жұмысын және Шыңғырлау ауылында мал сою пунктіне қосу алдағы уақытта аяқталады деп күтілуде.

2015-2016 ж.ж. мал қыстағына шөп дайындау науқанында аудан бойынша 66 600 тонна шөп дайындалды. Жоспардың орындалуы 109,9 %. Бүгінгі күнде аудан бойынша 42 қыстауларда мал қыстағы ойдағыдай өткізілуде.

Ауылшаруашылық саласында уақыт күттірмейтін мәселелердің бірі бұл ескі ауылшаруашылық техникаларын жаңа техникалармен ауыстыру болып табылады.

Бүгінде лизингке немесе өз қаржыларына техника сатып алатын шаруашылықтар «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы және «ОралАгро» ЖШС -мен тікелей келісім шарт жасау арқылы техникалар алуда.

2013-2014 жылдары аралығында аудан шаруашылықтары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 40,8 млн. теңгеге 15 дана және  «ОралАгро» ЖШС-нен өз қаржыларына 48,4 млн. теңгеге 12 дана, барлығы 89,2 млн. теңгеге 27 дана жаңа техникалар сатып алса, 2015 жылы ауыл шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке және өз қаражаттарына 37,4 млн. теңгеге 14 дана ауыл шаруашылық техникаларын сатып алып отыр.

Ауданымыздың мал шаруашылығы саласының нәтижелері де артып келеді. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал басы 3,3 пайызға артып, 21713 басты құрады. Қой-ешкі басы 3 пайызға артып, 30645 басты құрады. Жылқы саны 12 пайызға артып, 4567 басты құраса, құс саны 1,9 пайызға артып 29404 басты құрады. Мал шаруашылығындағы ірі көлемді селекция жұмысы барысында Ақпараттық Талдау Жүйесіне 65 шаруашылықтың  5527 бас ірі қара аналық малы мен  190 бас асыл тұқымды бұқасы енгізілді, немесе қолданыстағы әр бұқаға шаққанда орташа 29 бас аналықтан келіп отыр, мерзімдері өткен асыл тұқымды бұқаларды алмастыруға шаруашылықтар 112 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша табынның тұқымдық құрамын түрлендірумен аналық малдардың 57 %-ы қамтылып отыр (республика бойынша орташа көрсеткіш 28%). Бұл республика өңірлерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Аудандағы мал шаруашылығын асылдандыру бағытында жасалып отырған шараларға  Үкімет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп,  мал шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын шаруа құрлымдарына 173,9 млн тенге субсидия төлемдері төленді.

Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 31 бас мүйізді ірі қара, «Құлан» бағдарламасы бойынша 221 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 446 бас қой,  барлығы  81,9 млн тенге мақсатты пайдаланылып, шаруа құрлымдарында жоғарғыдағы мал бастары сатып алынды.

2016 жылы Шыңғырлау және Сегізсай ауылдарының аумағында 2 мал сою пункттерін ашуды жоспарлаудамыз. Бүгінгі күні нысандардың құрылыстары ойдағыдай жүргізілуде.

Сондай-ақ, өткен жылы Ащысай, Алмаз, Сегізсай, Шоқтыбай және Торыатбас ауыларында 5 селолық тұтыну кооперативтері (СПК) ашылды. Осы жылы селолық тұтыну кооперативтерін барлық елді-мекендерде ашуымыз керек! Өйткені, былтырғы жылы 5 СПК-ның шотына 22 млн шамасында қаржылай субсидия түсті. Егер де барлық елді-мекендерде СПК-лар ашатын болсақ, онда әр ауыл тұрғындарының ауылдың қажеттілігіне жұмсайтын қаржысы болмақ, соның ішінде малдарды асылдандыруға, тауарлық түрлендіру жұмыстарын жүргізген үшін көмек алып, қоғамдық табын құрылып, мал ұрлану фактілерін жоюға, ауылдың қасындағы бөгеттерді бөгеп су жиналуына, жаңа техника алуларына үлкен септігі тиетіні сөзсіз. Сол себепті барша тұрғындарды селолық тұтыну кооперативтерін ашуға қатынасып,  белсенді болуға шақырамын.

2015 жылдың 30 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына ендік. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын толықтай бастады. Біздің аудан Ресей Федерациясымен шекаралас болғандықтан, бұл бастамалар бізге тиімді.  Өйткені, өзіміздің өндіретін ауылшаруашылық шикізаттарын, шағын және орта бизнес өнімдерін экспортқа шығару тиімді болмақ. Өткен жылы Ресей Федерациясына ауданның шаруа құрлымдары «Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы» аясында 20,5 тонна мал етін экспортқа шығарды.  Былтырдың өзінде ауданда 3827 тонна ет, 16924 тонна сүт өнімі, тауық тұқымының 3384 мың дана жұмыртқа өндірілген. Мал бордақылау алаңдарына ауданның шаруа құрлымдарынан  206  бас бұқашықтар тапсырылды.

Ащысай ауылдық округіне қарасты «Қазагроқаржы» АҚ арқылы несие ала отырып, жобалық құны 8,2 млн. теңге тұратын, жел және күн энергиясынан қуат алатын электр стансиясы құрылғысын орнатқан «Ғайни» шаруа қожалығының 3000 басқа арналған құс өсіру фермасын толық қуаттылығына шықса, аудан халқы түгел, көршілес аудандарды да құс өнімдерімен қамтуға барлық жағдай бар. Ол үшін Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіншіліктерін тиімді пайдалана білуіміз тиіс. Бұл жобаны өңірлерді индустриализациялау картасына енгізуді жоспарлап отырымыз.

Аудан орталығындағы «Теща» супермаркетінде былтырдан бері «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында өз өнімдерімізді сөреге шығаратын бұрыш ашылды. Ауылдардан өз сүт өнімдерімізді, жоғарыда аталған «Ғайни» шаруа қожалығының құс өнімдерін саудаға қойдық. Осы жылы бұл жұмыстарды барлық округтерде ұйымдастыруымыз керек!

Ол үшін осы бағытты сүт өнімдерін өндейтін цех ашу міндеті тұр. Сіздерге өз есебімді бере отыра, баршаңызды шағын және орта бизнеспен айналысуға шақырамын. Өйткені ауданымызда кәсіпкерлік саласын дамытып, өз өнімдерімізбен ауданның мұқтажын қамтысақ бізге ешқандайда дағдарыс әсер етпейді.

Қол қусырып Үкіметке қарап отырғанша, әр жерде өз кәсібімізді нәсіп етуміз керек. Біздер дағдарысты тек осылай жеңе аламыз.

2016 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 593 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, жұмыс істеп тұрған 489субъектілерде 739 адам қызмет етуде.

Ауданымыздың шағын бизнес субъектілері 3,6 млрд астам теңгенің өнімдері өндіріліп, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1 %-ға көп.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен салық көлемі 74,6 млн теңгені құрады.

2016 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданда 21 шағын цех тіркеліп 103 адам қызмет жасауда. Шағын цехтардың  ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемі 93,4 мың теңгені құрады, бұл 2015 жылдың осы кезеңі деңгейінен 2,8 % - ға жоғары.

Шыңғырлау өлкесі - шағын және орта бизнестің дамуына потенциалы жоғары аудандардың бірі. Ауданнан төрт бағытта Ақсай, Ақтөбе қалаларына, көршілес Ресей Федерациясына, республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолына шығу, сондай-ақ темір жолдың септігі орасан зор екендігі сөзсіз.

Теміржол арқылы, құрылыс тауарларын төменгі бағамен аудан тұрғындарына ұсынуда ауданымыз жетістікке жетіп отыр.

Былтырдан 250 орындық ресторанды, бильярд, караоке, диско- барды қамтитын, 20 жұмыс орнын ұсынып отырған соңғы үлгідегі «Ақрам» кешені, сонымен қатар «Алтын Таға» мейрамханасы бой көтеріп халыққа қызмет етуде. «Жумалиева» жеке кәсіпкерлігінің «Теща» супермаркеті ашылып, 23 адамды жұмыспен қамтып отыр.

12 адамды тұрақты жұмысқа қабылдап отырған «Аружан» кондитерлік цехы тұрғындар үшін тұрақты жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күні көп уақыттан бері проблема болып келген кондитерлік цехтың нан өнімдерін дайындау пеші көгілдір отынға жалғанып, цех толықтай өнімділік деңгейінде жұмыс жасай отырып айына 20 тоннаға жуық нан-кондитерлік өнімдер өндіруде. Мұндай нан және кондитерлік өнімдерін шығаратын шағын цехты барлық ауылдық округтерде ашу тиіспіз.

Облыстық тұрақтандыру қорынан ауданға жіберілетін ұннан пісірілген нан бағасы 60 теңгеден аудан тұрғындарына ұсынылуымен қатар, аудан басындағы балабақшалар, білім беру нысандары мен мектеп-интернаты және тағы да басқа әлеуметтік нысандардың қажеттілігін толықтай өтеуде.

Ауданымыздың шағын және орта бизнес саласын дамыту бойынша жоспардағы орындалмаған шараларды қайта зерделеп, баршамызға белгілі Елбасының тапсырмасына сәйкес ішкі өнім өндіруді дамыту және жаһандықдағдарыстың алдын алу, оған қарсы шараларды қабылдау үшін ауданымызда шағын және орта бизнес саласында ауыл шарушылық шикізат өнімдерін өңдеу, шығару (сүт, ет, тері, жүн, жұмыртқа), өндіріс нысандарын іске қосу, ауылдық округтерде бау бақшалар (жылыжайлар) салу, оның өнімдерін сақтайтын қоймаларды тұрғызу, автожол логистикасын дамыту (автомобиль жолы бойында қызмет көрсету кешенін), туризм секілді қызметтерді дамытып, жалпы айтқанда өндіріске көңіл бөлуіміз керек!

Шағын және орта бизнес саласында ауданымызға инвестиция жасауға талаптанған тұлғаларға, аудан көлемінде пайдаланылмай тұрған ғимараттарды жалға беруге, жер телімінің бөліну мәселелерін шешуге қолдау көрсетілуде.

Мәселен, ауданның коммуналдық меншігіндегі бос пайдаланылмай тұрған ғимараттарды кәсіпкерлерге сату арқылы, өз ісін кеңейтуге, жаңадан іс ашуға көмек көрсету мақсатында 5 ғимарат бәсекелес ортаға шығарылып, қазіргі уақытта осы ғимараттар пайдаланылуда.      

В целях дальнейшего развития сферы предпринимательства мы разработали План по развитию малого и среднего бизнеса Чингирлауского района на 2016-2018 годы, в который входят следующие направления:

1. Один из вопросов, поднятых на предыдущей отчетной встрече -  базировать некоторые обслуживающие компании КПО бв, в нашем районе. Представители компаний приезжали в наш район и обсудили  наши планы. Начались согласительные работы по устанавке цеха для выпуска чистой бутилированной воды.

2. Строительство мини-завода по переработке нефтепродуктов.

3. Открыть на территории Алмазненского сельского округа, на трассе международного значения Самара-Чимкент КЕМПИНГ (гостиница, столовая, автосервис, газозаправка) по оказанию услуг дорожного сервиса. На сегодня есть инвестор из Актобе.

4. В селе Шынгырлау открыть газозаправочную станцию. Оформление земельного участка уже начаты.

5. Завершить и запустить на полную мощность проект птицефермы КХ «Ғайни» Ащесайского сельского округа и в последующем выпускать на реализацию мясо птицы и яйцо.

6. В селе Сегизсай запустить убойный пункт КХ «Ахан» и начать строительство откормплощадки, в последующем открыть цех по переработке мясных продуктов.

7. В селе Шынгырлау запустить убойный пункт КХ Намиева.

8. Открыть предприятие по приему сельскохозяйственого сырья (шерсть, шкура, яицо) и по переработке молока и мяса.

9. Открыть мини-цех по производству макаронных изделий.

10. В селе Шынгырлау завершить строительство супермаркета ИП Камзаева.

11. В селе Шынгырлау запустить в производство мини-пекарню ИП Жумалиева Л.Р.

12. В сельских округах организовать строительство теплиц, разведение садов, бахчей, огородов для обеспечения овощной и садово-ягодной продукцией населения, обеспечения  складирования и консервации (консирверование) овощей и фруктов.

13. В районном центре открыть фармацевтический комплекс (аптека, зубопротезный кабинет, массаж, электролечение).

14. Для населения райцентра открыть дом быта.

15. Открыть местный радиоузел.

16. Открыть мини-цех по сбору прицепов  для легковых автомобилей.

17. Открыть мини-цех по выпуску бетоноизделий (экоблок, керамзитоблок, брусчатка и т.д.)

18. Строительство Бизнес-центра для практической и теоретической помощи и поддержки предпринимателям и тем, кто планирует открыть собственный бизнес.

Осы мақсатта алдағы уақытта преспективасы мол бірақ шаруалары қордаланып немесе жаңа ашылып жатырған шағын және орта бизнес субьектілеріне әл-аухаты жоғары кәсіпкерлер арқылы шағын несие беру жолдарын қарастырудамыз.

Аталған мәселелерді ретке келтіру мақсатында нақты жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы ауданымыздың жеке кәсіпкерлері мен шаруа құрылымдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы несиелендіруге белсенді қатысып келеді.

Өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы барлығы 73 млн. 299 мың теңге несие алынды.

Соның ішінде: «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламалары арқылы 2015 жылы ауданға бөлінген қаржы 30,0 млн теңге, қайтарылым қаражаттан 20,0 млн., барлығы 50 млн. теңге несие алынды.

«Мурабаха» бағдарламасы бойынша - 16 млн. 899 мың теңге,

«Кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша - 5,4 млн. теңге несие алынды.

«АгроБизнес 2020» салалық бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы «КазАгро» филиалы арқылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары 109,9 млн тенге несие ресурстарына қол жеткізді.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы барлығы - 45,8 млн. теңге несие алынды. (соның ішінде «А.Ботанова» жеке кәсіпкерлігі сауда орталығын салуға 6,0 млн. теңге, «Жумалиева» жеке кәсіпкерлігі «Теща» супермаркетіне қосымша техникалық жабдықтар алуға, тауар айналымын ұлғайтуға және шағын наубайханаға жабдықтарын сатып алуға 36,0 млн. теңге және жаңа құрылған «Битимбаева» жеке кәсіпкерлігі бетондық бұйымдар (пеноблок, пескоблок, кәріздер) шығаруға жабықтар алу үшін 3,8 млн. теңге).

Сонымен қатар, екінші деңгейлік банктерде бүгінгі күнге 2 жоба қаралуда.

Несиемен түрлі бағыттағы шағын және орта бизнес саласынының кәсіпкерлік субъектілеріне берілген инвестиция көлемі 472,3 млн теңгені құрады.

Ауданда шағын және орта бизнес саласын дамытудың тағы бір тетігі, соның ішінде қызмет істеп тұрған өндірістік бағытындағы субьектілердің («Гефест» шаруа қожалығы бау бақша, жылыжай өнімдерін, терезе құрастыру, дәнекерлеу жұмыстары; «Лашын-Шыңғырлау» жеке кәсіпкерлігі-ағаш бұйымдарын жасау, «А.Сұлтанғалиева» жеке кәсіпкерлігі тігін цехының бұйымдарын, «Ғайни» шаруа қожалығы-құс жұмыртқасы, құс еті өнімдерін, ветеринарлық қызмет, электрик қызметі т.б.) жұмыстарын одан әрі кеңейтуге жетелеуде, олардың шығарып жатырған өнімдерінің сапасын арттыру, жарнамалау, осы өнімдерге деген сұранысын ұлғайтуда, жаңа құрылған субьектілердің жұмысына құқықтық, бухгалтерлік (мемлекеттік сатып алуға қатысу), салықтық көмек көрсетуде өте қажет құрылым ол «Бизнес орталығы». Бизнес орталығының ең басты мақсаты бұл-ауданымыздың кәсіпкерлеріне көмек көрсету, мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатыстыру, өз өнімдерімізді басқа облыстар мен көршілес аудандарға шығарту.

Жоғарыда айтып өткен жұмыстарды реттесек 2016-2018 жылдарға арналған орта және шағын бизнес саласын дамыту - жаһандық дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарының, шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына толық қол жеткіземіз деген сенімдеміз.

Құрметті Нұрлан Асқарұлы! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауында, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөнінде тапсырма қойған болатын. Тұрғын үй секторының саласында жеке 12 тұрғын үй салынды. Бірақ-та, бізде өткір тұрған мәселелердің бірі, бұл жас отбасыларды, бюджеттік салада қызмет атқарып жатырған, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамту мәселесі. Аудан бойынша тұрғын үй кезегіне 51 бюджеттік сала мамандары, 57 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, 75 халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар және тұрғын үйлері авариялық деп танылған 2 үйіміз бар. Сонымен қатар, аудан орталығынан жеке тұрғын үй секторына жер беру мәселесі де күрделі. Өйткені, Шыңғырлау ауылында үй салуға жер жоқ деп айтуға болады. Өзіңізге мәлім, үй салуға берілмек жер аумағына инфраструктура тартылуы тиіс, көгілдір отын, электр жарығы, су трассалары өтіп тұру керек. Шыңғырлау ауылының аумағында жер жоқ емес бар, бірақ айтылған мәселелер қолымызды байлап отыр. Осы мақсатқа 2013 жылы Шыңғырлау ауылының шығыс бөлігінде 108 жер учаскеге инфраструктура тарту жөнінде жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

Құрметті жерлестер! Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы жарияланған болатын. Бүкіл әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс аясында болғалы тұрған сайлау науқаны, бүкіл халықты біріктіруде әлеуеті зор шара болғалы тұр. Сондай-ақ, мәжілістің кезектен тыс сайлауы және өңірлік мәслихаттардың кезекті сайлауының бірге өтуі уақытты да, қаржыны да үнемдемек. Сондықтан, барлық аудан тұрғындарын бір жұдырықтай науқанға қатысуға шақырамын.

Алдымызда атқарар істер жеткілікті. Бәріміз бірдей ауданымыздың дамуына үлес қосуға тиіспіз. Жаһаңдық дағдарысты бірге еңсеріп, ауданымыздың көркеюіне бар септігімізді бірге тигізейік. Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты экономикасы басым елдер, дағдарысты жеңуде нақты қадам тапты. Олар шағын және орта бизнесті нақты бір деңгейге көтеріп, жұмыс күшін тиімді қолдана білді. Біздерде осы бағыттарды алға қоюымыз тиіс.

Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығы қарсаңында, атқарар шаруалар ауқымды. Дегенмен, Сіздермен біріккен жұмысымыздың нәтижесінде, ауданымыз дамып, еліміз көркейе түседі деп сенемін. Жағымды жаңалықтар көп болғай.

Назарларыңызға рахмет!