Құрметті мәслихат депутаттары!

Елбасының жергілікті атқарушы органдар басшыларының мәслихаттар алдында есеп беру жөніндегі Жарлығы негізінде, еліміздің барлық деңгейдегі әкімдері, жыл бойы атқарған жұмыстарымен таныстырып, алдағы жұмыс ауқымын айқындау дәстүрге айналған істердің бірі.

Өзіңізге мәлім, 2017 жылдың 12 сәуіріндегі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында, ерекше бағдарлы бағыттары белгіленген. Мәселен, «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» – делінген. Осыған орай, біздің айрықша маңызды екі процесіміз – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алуымыз керек.

Құрметті депутаттар! Осы және басқада маңызды бағыттарымыз бойынша Шыңғырлау ауданында 2017 жылдың жартыжылдығында жасалған саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысымен таныстырып өтейін!

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 527 млн. 500 мың теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусым деңгейіне нақты көлем индексі бойынша 9,5% көп.

 

Қаржы

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да төлемдер бойынша жоспар 139 млн 200 теңге болса, нақты түсім көлемі 179 млн 100 мың тенгені құрап, жартыжылдық жоспар 123 пайызға немесе 39 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. Сонымен қатар, аудан көлеміндегі газ құбырларын «БатысГазТрансАймақ» мекемесіне берілуіне байланысты, жыл аяғына дейін 20,3 млн теңге көлемінде қосымша салық түседі деп күтілуде.

Жергілікті бюджетке түскен түсім көлемі 2016 жылдың бірінші жартыжылдық түсімімен салыстырғанда 16 млн 393 мың тенгеге немесе 110 пайызға артық түсті (2016 жылдың 6 айының түсімі 162 млн 707 мың тенге).

 

Инвестиция

Негізгі капиталға инвестициялар 379 млн. 723 мың теңге немесе 2016 жылдың қаңтар-маусым деңгейіне 11,6% көп құрады.

 

Ауыл шаруашылығы, ветеринария саласы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3 млрд 298 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтар-маусым деңгейінен 104,9%-ға көп. (2016 жылы – 2 млрд 842 мың теңге)

Жыл басынан бері 1869 тонна ет өндірілді.

(2016 жылдың қаңтар-маусым деңгейіне 108,6% көп, сүт – 7691,9 тонна (100%), жұмыртқа – 1649,0 млн дана (105,8%)).

Ауданда ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін құруды қолға алдық. Бүгінде 12 коопертив жұмыс істеуде. Оларда қазірғі уақытта 78 бас асыл тұқымды бұқа мен 1638 бас тауарлы аналық тіркелді. Оның 2-уі, атап айтқанда «Шыңғырлау–Агро» және «Зубенко» ауылшаруашылық кооперативтері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы соммасы 45 млн. 800 мың теңге несие алып, модульдық мал сою пунктерін іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

«Береке» бағдарламасы арқылы мал бордақылау алаңдарын ашуға ниет білдіріп отырған 31 тұрғынымыз 76 млн теңге көлемінде несие алып отыр. Сонымер қатар, ірі қара, ұсақ мүйізді малдар, жылқы және басқада ауылшаруашылық мал мен құстардың басын көбейтуге арналған «Игілік» бағдарламасы аясында 11 адам 50 млн көлемінде несие алып өз жұмыстарын бастауда.

2017 жылдың 1 тамызына аудан бойынша 28 шаруашылық 16 916 гектарға егістік салып отыр. (Соның ішінде 5048 га дәнді дақылдар, 3549 га майлы дақылдар, 8109 га мал азықтық бір және көп жылдық шөптер, 70 га картоп, 60 га көкөніс, 80 га бақша дақылдары егілді.) Биылғы жыл диқаншылар үшін жағымды жыл болып отыр. Бүгінгі күнге орылып алынған 1646 га күздік дақылдардан 3620 тонна өнім жиналды, орташа шығымдылығы 22,0 ц/га. Атап айтар болсам, «Жарас» шаруа қожалығының 333 га күздік бидай дақылының 1 гектарынан кебір учаскелерінде 45,2 центнерден 1500 тонна өнім алынып отыр.

Шөп шабу науқаны да қызу жүргізілуде. Бүгінгі күнге аудан шаруашылықтарында 2017-2018 мал қыстағына мал азықтық шөп дайындалуда. Жоспарланған 65 мың 860 тонна шөптің, бүгінгі күнге 64 мың 200 тоннасы дайындалды және өткен жылдан қалған шөпті есептегенде 70 мың 700 тонна шөп дайындалып 107,3% құрады. Бүгінгі күнге жұмыстар жалғасуда. Шаруа қожалықтарының алдын-ала берген сұраныстарына сәйкес, жазғы және күзгі далалық жұмыстарын жүргізуге 470 тонна арзандатылған жанар май бөлініп, бүгінгі күнге осы көлемнен 87 тонна (1 литрі – 124 тенге) жанар май алынды.

Жыл басынан бері аудан бойынша 32 шаруа қожалығы ашылып, оларға жалпы көлемі 18 мың 481 гектар, соның ішінде 4564 гектар егістік, 201 гектар шабындық, 13 мың 588 гектар жайылым жер учаскелері беріліп және 15 шаруа қожалық қосымша 9 мың 173 гектар, соның ішінде 5 мың 339 гектар егістік, 3 мың 772 гектар жайылым жер учаскелерін алды.

3 шаруа қожалық жабылып, жалпы көлемі 2 мың 79 гектар, соның ішінде 1 мың 509 гектар егістік, 570 гектар жайылым жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Ащысай және Шыңғырлау ауылдық округтерінің аумағындағы 62 гектар су көлтабандардың құжаттарына жерге орналастыру жобасы жасақталып, қазіргі таңда аяқталу процесі үстінде.

Биылғы жылы ауданда бруцеллез ауруы өршіп тұр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырып қарасақ, ауруға шалдыққан ірі-қара мал басы 0,3%-ға артты. Ұсақ мүйізді малының зақымдануы сол қалпында 0,1%. Бруцеллезге қарсы серологиялық зерттеуге 17521 ірі қара малынан (1- жарты жылдық жоспар 14038 бас немесе 125 %) және ұсақ мүйізді 22249 бас малынан (1- жарты жылдық жоспар 19576 бас немесе 114 %) қан алынды. Нәтижесінде аудан бойынша 120 бас МІҚ, 44 бас қой мен ешкі малынан бруцеллез ауруының оң нәтижесі анықталып, мал сою пункттертерне тапсырылуда.

 

Кәсіпкерлік

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданда 601 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңінен 3%-ға көп. Олардың 518-і жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 86%-ы.

Шағын кәсіпкерлік саласында 785 адам жұмыс істесе, бұл 2016 жылдың 1 шілде деңгейінен 1,1 %-ға көп (2016 жылы – 776 адам).

Ауданның шағын бизнес субъектілері 1 млрд 529 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмысын атқарып, қызметін көрсетті, бұл 2016 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 2 есе көп.

Шағын бизнес субъектілерінен түскен салық көлемі 21 млн 655 мың теңге, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (38 млн 94 мың теңге) 55,6 %-ға кем орындалып отыр. Шыңғырлау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы осы мәселе бойынша жұмысты жандандыруы қажет.

Ауданда кәсіпкерлік саласын, шағын және орта бизнес өкілдерін арттыру, осы арқылы салық базасын көбейту басты мақсатымыз. Мәселен, осы жылдың 12 тамызында «Камзаев» жеке кәсіпкерлігінің «Патриот» супермаркетінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Бұл супермаркетте жаңа 25 жұмыс орны ашылып, 16 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, аудан орталығында «Бизнес орталығының», көгілдір отын құю станциясының және «Фармацевтикалық кешеннің» құрылыстары жүргізілуде. Бұл нысандар іске қосылған жағдайда, 20-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Осындай нысандарды барлық ауылдарда ашуларымыз қажет.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жүзеге асырылу тәсілдерін айқындау, жобалар дайындау мен іске асыру мақсатында, Лубен селосында дәрігерлік амбулатория салуға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті құжаттар жолданды. Жоба облыстық жобалар тізіміне енгізіліп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына концепция және т.б. құжаттарын жасақтауға қаражат қарастыру жөнінде сұраныс жолданды. Осы жылдың 25 шілдесі күні облыстық бюджеттік комиссия отырысы оздырылып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына концепция жасақтауға, конкурстық құжаттама дайындауға, келісім-шарт жобасын жасақтауға 7 млн 118 мың мың теңге қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданған. Бұл жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын таба бермек.

 

Еңбек рыногы

Бүгінде экономиканың барлық салаларында 196 жаңа жұмыс орны құрылды.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,37% құрады,

Жұмысқа орналасқандар саны 276 адам. (2016 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 79 % көп). Қоғамдық жұмысқа жіберілгендірдің саны 200 адамды құрады.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 19 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Тұрақты түрде бос лауазымдар жәрмеңкесін өткізіп келеміз. Жыл басынан бері, осындай 3 жәрмеңке өткізіліп, 30 адам жұмысқа орналастырылды.

2017 жылдың 1 жартыжылдығына орташа айлық еңбекақы 71 мың 822 теңгені құрады.

 

Денсаулық сақтау

Биылғы жылы құрылыс саласында бірқатар шараларымыз жүзеге асырылды. Солардың бірі, Алмаз және Тасмола ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттердің күрделі жөндеуден өтуі. Облыстық бюджет есебінен жүргізілген жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 43 млн 209 мың теңге. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталып, қолдануға берілді. Сонымен қатар, былтырғы жылдың соңында 2 аулымыз жаңа УАЗ автокөліктермен қамтылып, биылғы жылы қосымша 3 актокөлікке сұраныс жолдадық.

Бұл салада жөндеуді қажет ететін объектілерімізде бар. Облыс тарапынан қолдау табылатын болса, 2018 жылы Амангелді, Шоқтыбай, Белогор, Ақсуат елді мекендердегі медицина объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоспарымыз бар. Жобалық-сметкалық құжаттамаларды дайын.

Ауданның 2020 жылға дейінгі даму жоспарына, жоғарыда аталғандай мемлекеттік-жекешелік әріптестік процестері аясында Лубен тірек елді мекенінде Селолық дәрігерлік амбулатория (СВА) салуды жоспарлап отырмыз.

 

Білім беру саласы

Білім беру саласы да биылғы жылы өзгерістерге ұшырап отыр. Түлектеріміз жаңа форматта емтихандарын тапсырып, аудан бойынша белгілі көрсеткіштерге қол жеткізілді.

2016 – 2017 оқу жылының қорытындысы бойынша, 6 түлегіміз «Алтын белгі», 1 оқушымыз «Үздік аттестат» иегері атанды.

Ағымдағы жылдың 20 маусымы күні Ақсай қаласында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуге аудан бойынша 11 сыныпта білім алушылардың 61- і қатысып 18 түлегіміз мемлекеттік грантқа ие болды. ҰБТ қорытындысы бойынша аудандық орташа ұпай 79,8 құраса, өткен оқу жылымен салыстырғанда 5,1 ұпайға төмендеп отыр.

Өздеріңізге мәлім, ауылдардағы білім беру ошақтарының басым бөлігі кеңес үкіметі кезінде бой көтерген. Көбі жөндеуді қажет етуде. Дегенмен, балаларымыздың сапалы білім алулары үшін бар жағдайды жасауға тырысып бағудамыз. Жоспарымызда Шыңғырлау мектебін күрделі жөндеуден өткізу, (жоба құны 330 млн теңге, жоба сараптамадан өткізілді), Лубен мектебін жөндеуден өткізу (жобаланған сомасы 420 млн тенге), Шилі мектебінің және аудандық интернаттың жылыту нүнктелерін (топочные) салу (жобаланған сомасы 45 млн теңге) жоспарымызда бар.

 

Мәдениет, спорт саласы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы «Туған жер» бағдарламасын жариялаған болатын. Тұжырымдама жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, өзінің ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншілікке бағытталған. Халықтың патриоттық рухын қалыптастыруға, жас буынды туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, табиғатқа қамқорлықпен, тарихқа және мәдени-тарихи ескерткіштерге құрметпен қарау керектігі атап өтілген.

Елбасымен аталған бұл бағыттар біздің ауданда да жүзеге асқалы отыр. Мәселен, халықтың көкейінде жүрген өлкетану музейін ашу болатын. Биылғы жылы осы мәселе шешімін тапқалы отыр. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Және де, аудан тұрғындары арасында музейге тапсырылатын жәдігерлерді жинау жұмыстары жүруде.

Сондай-ақ, мамыр айында облыс әкімінің Шыңғырлау ауданына сапары барысында «Дән» мәдениет үйін жөндеу қажеттілігі көтерілген болатын. Жоба құны 150 млн тенге. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау бойынша шаралар жүргізілуде.

Аудан халқының тағыда бір көкейкесті мәселелерінің бірі бұл – дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің қажеттілігі. Бұл бағытта да тиісті құжаттарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар алдағы уақыттағы жоспарларымыздың бірі ол, Тасмола елді мекенінде мәдениет үйін, (жобалық құжаттары жасақталуда, жоба құны 200 млн тенге), аудан орталығында ашық стадион салу (жобалық құжаттары жасақталуда, жоба құны 100 млн тенге), аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу (жобалық құжаттары жасақталуда, жоба құны 300 млн тенге).

 

Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру мәселесі

Өздеріңізге мәлім, көктем мезгілдерінде экологиялық-санитарлық айлықтар өткізілді. Айлықтар барысында елді мекендерден 816 тонна күл қоқыс және қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Сондай-ақ, 3530 түп тал шіліктерінің 17 түрі алынып, ауыл көшелеріне, саябақтарға отырғызылды. Сонымен қатар, өздеріңіз байқағандай аудан орталығындағы кейбір көшелерде 10 гүл шоқтары орнатылды.

Бұл жұмыстар жылма-жыл жүйелі жалғасын тауып келуде. Сондай-ақ, аудан орталығына жаңа контейнерлер орнаттық. Қазіргі таңда қоқыстарды шығаратын техника тарту жұмыстарын жүргізудеміз.

Биылғы жылы аудан ортылығының 8 көшесіне асфальт жамылғысы төселуде. Облыстық бюджет есебінен 251 млн 653 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, аудан орталығының Тайманов, С.Датұлы, Шевцов, Л.Қылышев, Қуантаев, М.Өтемісов, Амангелді және А.Құнанбаев көшелеріне жөндеу жүргізілуде. Жұмыстар жоспар бойынша қазан айында аяқталмақ. Сонымен қатар, 1300 метрге жуық Қылышев көшесінің бойына тратуар салынып, Өтемісов, Казимов көшелеріне жөндеу жұмыстары аяқталған болса, Жуков және Ержанов көшелеріне жөндеу жұмыстары басталуда.

Бұл бағыттағы жоспарларымыз да жоқ емес. Мәселен, Қлышев, Тәуелсіздік көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу (жобалық құжаттама жасақтауға қаржы қарастырылды, жөндеу жұмыстарының сомасы 220 млн тг.), темір жол вокзалы аумағындағы алаңды жөндеу (құжаттамасы бар, жұмыстың сомасы 88 млн тг), аудан орталығында бейнебақылау камераларын орнату (құжаттамасы жасақталуда, жұмыстың сомасы 50 млн тг).

Сонымен қатар, Шыңғырлау-Сегізсай бағытындағы жолды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін облыстық бюджет есебінен 29 млн теңге бөлініп отыр. Бұл бағытта 5000-ға жуық халық қоныстанғанын ескерсек, қыс-көктем мезгілдерінде қиындық туғызатын жолдың жөнделуі, бірқатар істеріміздің шешілуіне ықпалы тигізері анық.

 

Құрылыс саласы

Биыл ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Шыңғырлау ауылының шығыс бөлігінде 30 үйдің құрылысы бастауын алды. Бұл үйлер Заңға сәйкес тұрғын-үй кезегінде тұрған тұрғындарға берілетін болады. Жоба құны 285 млн 329 мың теңге.

Шыңғырлау, Сегізсай, Белогор, Лубен, Полтава ауылдарында екі пәтерлік бір үй құрылысына 61,2 млн теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Бұл баспаналарды ауылға келген жас мамандарға, жас жанұяларға беру жоспарда.

Тасмола және Лубен ауылдарында «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы таза ауыз су құбыры жүргізілуде. Жалпы құрылыстың құны 340 млн теңгені құрап отыр. Жоба ұзақтығы 2 жыл.

Шыңғырлау ауылына қосымша ауыз су қорының қажеттілігі туындауына орай, Ашықтоғай ұнғымасынан Жанакүш ауылына дейін су құбырының құрылысы нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға және геологиялық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге 13 млн теңгеге жуық облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінді (жұмыс сомасы 500 млн тг).

Қазір Шыңғырлау ауылына таза ауыз судың жетіспеушілігі байқалуда. Сондықтан, жаз мезгілінде ауыз суды кестеге сәйкес беруге тура келіп отыр. Егер де Жанакүш ауылынан қосымша су құбырын тартар болсақ, аудан орталығына ауыз су жетіспеушілігі шешілетін болады.

Амангелді ауылын сапалы ауыз сумен қамту үшін, жобалық-сметалық құжаттама дайындалып (жұмыс құны 239 млн тг), тиісті басқармаларға тапсырылды. Басты проблемалық мәселелеріміздің бірі – Ащысай (округ орталығындағы жұмыс сомасы 600 млн тг) ауылдық округінің 2 елді-мекенің ауыз сумен қамту. Қазір олар тасымалды сумен қамтылып отыр. Сондықтан, осы бағытта бәріміз жұмыстануымыз, тұрғындар арасында дұрыс түсінік жұмыстарын жүргізуіміз қажет.

Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат елді-мекенінің әлеуметтік нысандарын газдандыруға 29 млн 496 мың теңге бөлінді. Бұл ісіміз соңына дейін аяқталса, аудан 100 пайызға көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ветеринария бөліміне қарасты ғимаратты газдандыру мақсатында құжаттамасын жасақтауға 2,1 млн теңге көлемінде қаржы қарастырып отырмыз.

Сонымен қатар, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 788 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 100,5%-ға көбейіп отыр.

Өздеріңіз естіп отырғандай, биылғы жылы ауданның негізгі капиталының инвестиция көлемі едәуір артқаны байқалады. Елді-мекендерді көгілдір отынмен қамту толықтай аяқталмақ. Бұрын тұрғын-үйлерді аудан орталығында салсақ, қазіргі таңда елді-мекендерде де бұл іс жүзеге асырылып жатыр. Жобасы 2 жылға созылмақ Тасмола және Лубен ауылдарының ауыз су тарту жұмыстарымен қатар, келер жылы Амангелді аулында да бастау жоспарымызда да бар.

Сондай-ақ Алмаз елді-мекенінде су тасымалдау жүйесін жасақтау үшін жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтаудамыз. Жобаға бөлінген сома 4,9 млн теңге, жұмыс сомасы шамамен 600 млн теңгені құрайды.

Бүгінгі күнге тұрғын үй сұраушылар кезегінде 300ден астам жерлестеріміз кезекте тұр. Осы мәселені шешу мақсатында аудан орталығында 3 қабатты, көп пәтерлі үй салуды жоспарлаудамыз. Жер учаскесі дайын. Жоба жасақтауға 2 млн теңге қаржы қарастырылды, жалпы құрылыс сомасы шамамен 250 млн тенгені құрап отыр.

Сонымен қатар, жеке секторды жер учаскелермен қамту мақсатында, аудан орталығының орталық бөлігінде инфраструктура құрылысының құжаттамаларын жасақтау үшін 223 млн тенге бөлініп, сараптамадан өткізілді.

Бүгінгі күнге ауданымыздың кейбір елді мекендерінде құрылыс салудың схемаларымен бас жоспарларының болмауына байланысты, кезек болмасада, жер учаскелерін беру мүмкіндігі болмай тұр. Бас жоспарларды жасақтауға қаржы қарастырылып, конкурстық процедуралар өткізіліп отырсада, құжаттама жасақтауға ниет білдірген кәсіпкерлер табылдмауда. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Құрметті депутаттар, осы айтылған проблеманы халық арасында айтып жүруіңізді сұраймын.

 

«Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жасыл Ел» бағдарламаларының орындалу барысы туралы.

Ауданға, соның ішінде елді-мекендерге қаладан келіп жұмыс жасаймын деген жастар саны күннен-күнге артуда. Осы келген жастарымызды тұрақты жұмысқа орналастырып, баспанамен қамту шараларын жаңа форматта жаңғыртып, бәріміз бірдей ат салысумыз керек.

Мәселен, биылғы жылдың өзінде ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға 17 маманға 57 млн. 860 мың теңге қаржы бөлініп, күні бүгінге 12 маманға 37 млн. 439 мың теңге бюджеттік несие берілді. Көтерме жәрдемақы алуға 52 маманға 8 млн. 362 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 18 маманға 2 млн. 858 мың 940 теңге төленді.

Сондай-ақ, аудан бойынша 34 жас маман жастар практикасынан өтуде. «Жасыл Ел» бағдарламасына 40 студент тартылды. Осы бағдарлама арқылы келер жылы жастарымызды кеңінен жұмыспен қамту мақсатында, бюджетімізде мүмкіндік болса, қосымша қаржы қарастыру жоспарымызда бар.

 

Аудандағы төтенше жағдай салдары

Жазғы мезгіл – ыстық болып тұр. Өздеріңізге мәлім, шілде айының кейбір кезеңдерінде ауаның температурасы 45 градуска дейін көтерілді. Дала өрттерінің өршіп тұруы салдарынан, барлық ауылдық округте 20-ға жуық дала өрттерінің ошақтары анықталып, салдарынан 125 мың гектар көлеміндегі аумақ жанып кетті.

Сондықтан, Сіздерден сұрар тағы да бір ұсынысым, елді-мекендердегі шаруашылықтарға дала жұмыстары кезінде даланы өрттен сақтауын қамтамасыз етуді, өртті алдын-алуы үшін техникаларын тиісті талаптарға сәйкестендіру қажеттілігін жеткізу.

 

Құрметті халық қалаулары!

Аудан тұрғындарының сұрауын ескере отырып Сіздердің ұсыныстарыңызға сай, жергілікті бюджеттен 8 млн 669 мың теңге қарастырылыпғ астық өндеу кәсіпорны шағын ауданында аулалық балалар-ойын алаңы орнатылғаны өздеріңізге мәлім. Осындай игі істерді жалғастыру үшін, Сізден халық арасындағы жалпы жағдайды біліп ескерулеріңізді және билік құрылымдарына өз ұсыңыстарыңызды жеткізу арқылы жұмыстануды сұраймын.

 

Құрметті депутаттар!

Бұл соңғы жарты жылдың ішінде атқарылған істеріміздің кейбіреулері ғана. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз Сіздермен бірлесіп жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Тыңдағандарыңызға рахмет.