Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап, елімізде жемқорлыққа қарсы күрес күн тәртібінен түскен емес. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдер арасында 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңды алғашқылардың бірі болып қабылдап, қолданысқа енгізді. Одан кейінгі жылдары бұл заңға бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. 2015 жылы Елбасымыз ұсынған үздік отыздыққа апаратын «100 нақты қадамның» 3-қадамында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу рәсімін орталықтандыру, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу мәселелері айтылған болатын. Осыған байланысты, өткен жылдың қараша айында ұсынылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңның  ескіргені, яғни қоғам сұранысын ақтай алмай отырғаны ескеріліп, жаңа атаумен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды. Заң атауының өзгеруі, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жетілдірудің қажеттілігін көрсетті және сыбайлас жемқорлықпен күресіп, кеселдің алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа заң қабылдау керектігін өмірдің өзі дәлелдеді. Жалпы, бұл заң 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және Елбасымыз айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамында «жемқорлыққа қарсы күресті күшейту» сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құруды» жүзеге асыруға бағытталғанын айта кеткеніміз жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке  азаматтармен және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар, мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отырғаны белгілі. Жаңа заң несімен ерекше дегенге тоқталсақ , ең алдымен  мұнда сыбайлас жемқорлықтың жаңа көріністері енгізіліп отыр. Құжат арқылы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа  қарсы саясатын іске асыру, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті орган айқындалған. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен талдау шаралары қамтылған.

Конституциялық тәртіпті қорғау , сыбайлас жемқорлық пен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір  сүруінің барлық салаларында  сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның инстуттарына сенім нығайту бүгінгі күннің басты мақсаты.

Халқымызда «Толған ел тарихын таспен жазады, тозған ел тарихын жаспен жазады» -деген нақыл сөз бар. Байқағанға ғибраты мол түйін. Еліміздің кемел келешегі үшін, әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күресті саналы түрде жүргізуге, бұл кеселмен ымырасыз күресуге мүдделі болуы керек, себебі таразы басында қоғамдық тұрақтылық, бейбітшілік, еңбек пен жарқын өмір тұр.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп түсінуіміз керек.

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің

бас маманы

 М.Акбулатова

1998 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылған болатын. Ал, 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөль атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады. 

Мемлекеттік қызмет органдарына биыл 20 жыл толып отыр. Аталған уақыт ішінде атқарылған жұмыс орасан зор.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері аталған салада бірқатар  жетістіктерге қол жеткізілді, жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілерге саяси рефорлармен жүктелген міндеттерін кәсіби дең­­гейде орындап, еліміздің тә­­уелсіз, де­мо­­кра­тиялық егеменді мем­лекетке айналуына өз үлестерін қос­ты.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті. Аталған жұмысты жалғастыру үшін ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыру қажет. Өйткені еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені айдан анық.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ешуақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жайдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.

Нақты айтатын болсақ ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

Ендеше, өз елін, халқын құрметтеген мемлекеттік қызметшілер бар елдің ертеңі айқын, болашағы жарқын, келешегі келмел болғай. 

Бірыңғай персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) және мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар бөлімінің басшысы М.Тасболатов