Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдің ережесіне сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда), облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімінің аппараттарында енгізілуі анықталған.

Әдеп жөніндегі уәкілдер «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін енгізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған, басшылық қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және  Әдеп кодексінің  талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеу және бақылау, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлау, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және  Әдеп кодексін  бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және  Әдеп кодексін  сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастыру Әдеп жөніндегі уәкілдің өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын негізгі функциялары, Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі болып табылады.

2017 жылғы 21 маусымдағы аудан әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары мен міндеттері аудан әкімі аппаратының басшысына жүктеліп, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат және азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында арнайы бөлімде, сонымен қатар аудан әкімі аппараты ғимаратының көрнекі жерінде орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қойылады. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын «код» болып саналады. Осыған сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдің өз құзыреті шегіндегі міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісін ұстануы да назардан тыс қалмайды.

Көп мемлекеттерде орныққан тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының қатаң сақталуы мемлекеттік қызметтің жүйелілігінің жоғары көрсеткіште болуының бірден-бір жолы.

Әр бір мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтауы, оның жұмыс тиімділігін арттырудағы ең бірінші талап болып табылады. 

Әдеп жөніндегі уәкіл

Т.Сағынгереев