«Шыңғырлау ауданының, «Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Бөбек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

«Шыңғырлау ауданыны, «Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,  091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау селосы, Л.КлышевИ.Тайманов  көшесі, 90 а, анықтама үшін  телефоны: 871137-33-766, факс 871137-33-554, эл.адресі Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.:

  1. «Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы «Бөбек» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Шыңғырлау ауылы, Утемисов көшесі, -7 үй, тел.33729

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
  2. нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
  4. нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  6. бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. нотариалды куәландырылған бар біліктілік санат немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
  8. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
  9. сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с) беруіне болады.

Құжаттарды қабылдау, әнгімелесу жүргізу ауқыты:

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде сағат 9-00 мен 18-00 аралығында Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тапсырылуға тиіс.