Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 24 қарашада № 14456 болып тіркелді.

 

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже бекітілсін.

2. "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12649 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

ШпекбаевҰлт жоспары «100 нақты қадамның» кіріспесінде оның қоғам мен мемлекеттегі  түбегейлі өзгерістерді қалыптастыратыны айтылған, олардың басты мақсаты – жүйелі аурулардың сыртқы белгілерін жуып-шаю емес, оны емдеу болып табылады.

Дамыған 30 елдің қатарына кіруге жол ашатын, кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуына бөгет болатын осындай жүйелі мәселелердің бірі - халыққа тиімді және адал қызмет ету идеясын құнсыздандыратын мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақыдеңгейінің жеткіліксіз дәрежедегі бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.

Бұл - мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің кәсіби дәрежесінің төмен деңгейінің және олардың жемқорлыққа ұшырау себептерінің бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз осы мәселені шешудің кешенді амалдарын қарастырдық.

Біріншіден,кадрларды іріктеу және жоғарылату барысында біліктілік тәсілі енгізілді. Маманның білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның өз білімін күнделікті қызметте қалай қолданатынын және осыған қажетті дағдылары мен қабілеттерінің болуын анықтаудың маңыздылығымен келіспеу мүмкін емес. Нәтижелі жұмыскер болу үшін теориялық білім жеткіліксіз. Мысалға, көшбасшылық саласындағы маман әрқашан көшбасшы болуға қабілетті емес.

Екіншіден, мемлекеттік органдардың қызметшілерін бағалау жүйесін қайта қарастыру іске асырылды.Бұл жүйенің кемшіліктері айқын. Мемлекеттік қызметшінің атқаратын жұмысының нәтижелілігіоның ұйымның стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға қосқан жеке үлесіне әділ баға беруге мүмкіндік бермейтін ресми көрсеткіштерге орай анықталды.

«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау органдарына орналасу үшін сынақ тестілеуінен өту мүмкіндігін ұсынады.

Сынақ тестілеуі негізгі тестілеудегі тест рәсімдерімен: тестілеу нұсқаулығымен, тестілеу бағдарламасының жұмысымен, тестілеуден өту процесімен, тестілеуді аяқтау ережесімен және тест сұрақтарымен танысу мүмкіндіктерін ұсынады. Сынық тестілеуде қолданылатын тест тапсырмалары негізгі тестілеудің тест тапсырмалары болып табылмайды, алайда, сұрақтардың форматы мен күрделілік деңгейімен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тестілеу уақытын дұрыс пайдалануға ықпал етеді.

Сынақ тестілеуге қатысу үшін азаматтар өзімен бірге жеке куәлігімен төлем түбіртегін алып келуі қажет. Түбіртек пен жеке куәлігін ұсынған соң, тестілеу операторы тіркеуді жүргізеді.

Сынақ тестілеуді өтуге 1,5 сағат уақыт беріледі. Тестілеу басталғанға дейін тестілеу операторы қатысушыларды тест нұсқаулығымен таныстырады және олардың сұрақтарына жауап береді. Тестілеу аяқталған соң, барлық қатысушыларға анықтама жүзіндегі тестілеу нәтижесі беріледі.

Сынақ тестілеу және тіркелу сұрақтары бойынша келесі нөмірлерге хабарласу қажет:75-69-37, 75-69-22.