Мемлекеттік көрсетілетін қызмет  -  ҚР-ның «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ округ тұрғындарына өз құзыреті шеңберінде  мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Соның бірі -  «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1)құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - отыз минут;
2)күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - он минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - он минут.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

-         жеке басын куәландыратын құжат;

-         осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде - жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама;

Ағымдағы жылдың маусым айына дейін «Қарағаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ тұрғындарға «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» жөнінде 6 мемлекеттік қызметі көрсетті.

Сонымен қатар Қарағаш ауылдық округі әкімі аппатында бұдан өзге «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» сияқты мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2016-2017 жылдары мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан мемлекеттік қызмет белгіленген мерзімі бұзыла отыра көрсетілген жоқ, және көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар аппарат қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында құқықтық оқытулар ұйымдастырылып отырады.

 

Қарағаш ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы Г.Ж.Мухамбетова