Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрi – Қағидалар) сәйкес, 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданымызға келген мамандарды қолдап, біржолғы көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілуде.

Күні бүгінге ауданымызда көтерме жәрдемақы 346 маманға 42 069,43 мың теңге көлемінде берілді, соның ішінде:

- Білім беру саласының 252 маманына 30 225,02 мың теңге

- Денсаулық сақтау саласының 65 маманына 8 243,12 мың теңге

- Әлеуметтік қамсыздандыру саласының 1 маманына 121,17 мың теңге

- Мәдениет саласының 12 маманына 1 303,26 мың теңге

- Спорт саласының 4 маманына 505,12 мың теңге

- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 12 маманына 1 671,74 мың теңге.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 169 маманға 398 108,92 мың теңге көлемінде берілді, соның ішінде:

- Білім беру саласының 103 маманына 234 800,0 мың теңге

- Денсаулық сақтау саласының 37 маманына 99 475,42 мың теңге

- Әлеуметтік қамсыздандыру саласының 1 маманына 2 444,0 мың теңге

- Мәдениет саласының 15 маманына 26 712,0 мың теңге

- Спорт саласының 4 маманына 8 826,0 мың теңге

- Агроөнеркәсіптік кешен саласының 9 маманына 25 851,5 мың теңге.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру мақсатында барлық жағдай жасалуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. Білім беру бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсететін қызметтін бірі«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру». Аталған мемлекеттік қызметті көрсету жеке тұлғаларға тегін және қағаз түрінде көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет  -  ҚР-ның «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі әкімі аппараты» ММ округ тұрғындарына өз құзыреті шеңберінде  мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді. Соның бірі -  «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің  2015 жылғы 06 мамыр №4-3/421   бұйрығына сәйкес, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

 Заңды тұлғалар машинаны мемлекеттік техникалық байқауға мынадай құжаттарды ұсынады:

1.Маркасы және моделін,шыққан жылын,машинаның және двигательдің зауыттық нөмірін,сериясын және мемлекеттік нөмірлік белгісін көрсетіп,баланста тұрған машиналардың тізімін;

2.Машинаның тіркеу құжаттарын; (техникалық паспорт)

3.Заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машинаны мемлекеттік техникалық байқау актісін (2 дана);

Жеке тұлғалар машинаны мемлекеттік техникалық байқауға мынадай құжаттарды ұсынады;

1.Азаматтың жеке басын куәләндыратын құжатын;

2.Машинаның тіркеу құжаттарын. (техникалық паспорт)

«Шыңғырлау ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

 

Жалпы ереже.

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 сәуірде № 13610 тіркелді) бекітілген "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: эскизді (эскиздік жобаны) келісу немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Жуырда «Нұр Отан» аудандық партия филиалының мәжіліс залында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар мен аудандық ХҚКО қызметкерлері қатысқан жиын өтті.  Отырыста «Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері» тақырыбында аудан әкімі аппаратының бас маманы А.Тағаниязов баяндама оқып, аудан көлемінде осы бағытта атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

Ауданымызда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 8 ауылдық округ әкімі аппараттары және 9 дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2016 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша тұрғындар жалпы-10783 мемлекеттік қызмет түрлерін алуға жүгінген, соның ішінде:

Жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 5731, ал «Электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1180 құраған. Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 1657, бұған қоса электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -2215.  Баяндама негізінде ауылдық округ әкімі аппараттарына, аудандық мекеме, дербес бөлімдерге: мемлекеттік корпорациясы арқылы және электронды түрде көрсету мүмкіндігі бар қызметтерді қызмет алушыларға түсінік жұмыстарын жүргізе отырып (мақалалар, жиындар), мемлекеттік корпорация арқылы және egov.kz порталы арқылы көрсету жұмыстарын одан әрмен жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету үшін басты құралдар болып табылатын стандарттар мен регламенттер  талаптарына сәйкес жұмыстану, қызмет көрсету барысында стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерін болдырмау тапсырылды.

Сонымен қатар, жиын барысында үстіміздегі жылы мемлекеттік қызмет сапасын атқару бағытында атқарылмақ жұмыстардың жоспары таныстырылып, мақұлданды.

Мемлекеттік қызметкерлердің басын қосқан жиынды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер мониторингі жұмыс бөлімінің басшысы Е.Шайымбетов жүргізіп отырды.

Гүлшат Ботанова

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің басты мақсаттарының бірі- халыққа сапалы қызмет көрсету. «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінін қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі- Шыңғырлау ауданының халқын жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектерге және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

Осы мақсатта «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген тізілім негізінде 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді: