«Шыңғырлау ауданының Қарағаш  ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есебі

Жарияланды 27.04.2017

 

Жалпы ережелер.

1. «Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі  өз қызметін мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру негізінде Қазақстан Ресупбликасының «мемлекеттік қызмет көрсету» туралы заңымен жұмыс атқарады.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, почталық  мекен-жайы: 091200, Батыс Қазақстан облысы , Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылы, Абай көшесі  18. байланыс тел. номері: 8(71137)51574

2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

көрсетілген қызметтер санының барлығы 37 оның ішінде;

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0;

- «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»- 21;

- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»- 0;

- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 6;

- «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»- 10.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: «Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекті ақпарат құралдары ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін азаматтарға түсіндіру жұмыстары аудандық «Серпін» газет және аудан әкімдігінің интернет-ресурсы арқылы  жүргізілуде.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2016 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Қарағаш ауылдық округінің әкімі                                       Д.Қуанышқалиев