Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер бүгін Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

рисунок 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Топқоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған «Цифрлық комиссарлардан» тұрады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО-ға жүгінетін есту қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ым тілінде көрсетеді.

23 қыркүйекте халықаралық ым тілдерінің күні атап өтіледі. Арнайы датаны БҰҰ 2017 жылы белгілеген.

Күн сайын еліміздегі 348 фронт-офиске мыңдаған қазақстандық мемлекеттік қызмет алуға келеді. Олардың сұранысын өтеп, сапалы қызмет көрсету – ХҚО қызметкерлерінің міндеті. Қызмет алушылардың арасында ерекше қажеттілігі бар тұлғалар да бар. Есту қабілеті нашар адамдар үшін фронт-офистерде ишарат тілін меңгерген мамандар қызмет көрсетеді.

Қарттар күніне орай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл құрметті демалысқа шыққан азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады. Жыл басынан бері 57 мың азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 52 мың азаматқарәсімделген. Жалпы елімізде зейнетақы төлемдерін 2,2 млн адам алады.

рисунок

:bookmark_tabs:Егер сіз тегіңізді не есіміңізді өзгерткен болсаңыз, бұл туралы анықтаманы онлайн түрде egov.kz порталы арқылы алып көріңіз.

:computer:Қызметті онлайн алу үшін:
:white_check_mark: Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасына өтіңіз;
:white_check_mark: Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз немесе смс-құпиясөзді пайдаланыңыз;
:white_check_mark:Қажетті төлемді жүргізіңіз;
:white_check_mark: Өңделген анықтаманы жеке кабинетіңізде «Қызметтерді алу тарихы» тарауынан таба аласыз;

:exclamation:Ескерту! Онлайн-қызметті 2008 жылғы 14 сәуірден бастап тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы жазба актісі жазылған азаматтар ғана ала алады. #oqytoqy

 рисунок

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетін жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін жариялады. Бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.