2019 жылғы 19 маусым күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде ауданның мемлекеттік органдарымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Шыңғырлау аудандық бөлімімен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өткізіледі. Жәрмеңке барысында аудан әкімі аппаратының басшысы Т.М.Сағынгереев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша азаматтарды қабылдайды. Аудан тұрғындарына консультативтік-әдістемелік көмек, «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық қызметтер алу, ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) алу мүмкіндігі туралы презентациялар, оқытулар жүргізіліп, «Мен «электрондық үкімет» веб-порталын таңдаймын» атты эссе жазудан сайыс өтетін болады. 

Аудан тұрғындарын белсенді қатысуға шақырамыз!

Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты