Аудан орталығында жылдан жылға балаларға арналған мәдени - спорттық шараларды өткізу үшін арнайы орындар ашылуда. Жаңа жыл қарсаңында А. Иманов пен М. Қуантаев көшелерінің қиылысында мұзайдын ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі А.Есалиев қатынасып, сөз сөйледі.

24.10.2016

«Әділет Кабулов әскери самбо күресінен спорт шебері атанды»-деген Қостанай қаласында өткен Қазақстан біріншілігінен жеткен  сүйінші хабарды естіп қатты қуандық. Әділет 100 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Әсет 90 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленіп, үміт етіп шығарып салған жерлестерінің сенімін ақтады.  «Баласы атқа қонса, анасы тақымын қысады»-деген бар. Жарысқа кеткенін естіп «қайтер екен» деп көңіліміз күпті болып жүргені де жасырын емес еді. Дегенмен, жақсы хабар жетіп, мәртебеміз өсіп қалды.

Әділет-Шыңғырлаудың төл тумасы, өз баласы. Әкесі Абайды, анасы Алтынды жақсы білеміз. Әсіресе, Абай Қалауұлымен қызметтес болдық, бірге өстік. Сонау қиыны мен қызығы мол жылдарда Орал қаласында жұпар жұтып, жасыл бақта жай жүрген кездер есімізде. Сол кезде Орал педагогика институтының физика-математика факультетінде оқыған Абай еркін күреспен мықтап айналысты. Ауыр салмақта күресетін ол жақсы нәтижеге қол жеткізіп, облыс, қала чемпионы атанды. Ауылда өскен Абайдың дене бітімі ірі болатын, оның үстіне қайраты да мол еді. Ең бастысы, ауыр салмағына қарамастан қимылы шалт, өте тез еді. Қай әдісті болса да өте жылдам орындап, қарсыласын қапы қалдыратын (көпшілік ауыр салмақтағы балуандарда осы қасиет кемдеу сияқты).

24.10.2016

Весной на  сходе жителей райцентра Шынгырлау   один из старейших жителей К.И.Танатов выступил с предложением  организовать для  ветеранов  в год 25-летия Независимости поездку в столицу нашей Родины  - Астану. Районный совет ветеранов войны и труда  под председательством С.С.Самиева  поддержал его инициативу и  выступил с обращением к жителям района  перечислить однодневный заработок на счёт ветеранской организации. Часть перечисленных средств решено было использовать для организации поездки в Астану. Побывать  в  Астане 4 дня,  увидеть   достопримечательности нашей столицы посчастливилось 15 уважаемым чингирлауцам.

24.10.2016

На днях в городе Уральске прошел областной турнир ежегодной  школьной лиги  по баскетболу «Алтын доп» среди девочек и юношей 2002-2003 года рождения, посвященный  25-летию Независимости Республики   Казахстан.

Девочки Чингирлауского района показали на этом турнире  хорошую игру, став вторыми.

24.10.2016

Коммуналдық шаруашылық мекемелері арасында республика бойынша өткен «Сала көшбасшысы» байқауында жылдың үздік көшбасшысы атағын аудандық «Шыңғырлау комтехсервис» МКК директоры Мұрат Ілиясұлы Ермекбаев жеңіп алды. Аталмыш мекеме басшысы ауданымызда коммуналдық қызметтің жұмысын тиімді ұйымдастырып, жоспарланған шараларды тиянақты жүргізуімен және еңбекақы өтемін жолға қоюымен де ерекшелене білді.

24.10.2016

Кітапхана саласында 1980 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жандардың бірі Гүлсім Қуанаева. 1996 жылдан бері  аудандық орталықтандырылған кітапханасының директоры қыз-метін атқарып келе жатқан Гүлсім Фазылқызы жуырда өткен аудан күні қарсаңында үлкен марапатқа ие болды.

24.10.2016

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен   тұспа-тұс келген  «Аудан  кітапханаларының күндері»  жобасы  аясында Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі күні «Шырайлы, шұғылалы Шыңғырлау»  атты тақырыппен Жұбан Молдағалиев атындағы об-лыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында  үстіміздегі жылдың  12 қазан күні өткізілген болатын.