с.Чингирлау. Генеральный план (pdf, 3.8 Mb)

с.Чингирлау. Проект детальной планировки (pdf, 2.2 Mb)


1.Құрылыс саласы бойынша:

Коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау селосында 4 екі пәтерлі 4 бірпәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді. Үйлердің жалпы көлемі 998,76 ш.м, Мердігер «AIBAS COMPANY» ЖШС-гі. Құрылыстың жалпы құны 78 млн. 299 мың теңге.  Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың желтоқсан айында басталып, 2013 жылдың маусым айында аяқталды.

Аудан орталығында «Нұр Отан» әкімшілік ғимаратының (277,1 ш.м.) құрылысы «Балтемен» ЖШС-мен жүргізілді.

Мердігер «АжАс-Строй» ЖШС-і Алмаз селолық округі Сегізсай ауылында 48 орындық мектеп құрылысын бастады. Құрылыстың жалпы құны 152024924,80 (жүз елу екі  миллион жиырма төрт мың тоғыз жүз жиырма төрт) теңге 80 тиын. Жұмыстардың орындалу мерзімі 4 ай.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мердігер «Казэкология жобалау» ЖШС-і Шыңғырлау ауылында бір пәтерлік үш бөлмелі тұрғын үй құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтады және екіпәтерлік үшбөлмелі  тұрғын  үйдің  құрылысы  Полтавка,  Белогор, Лубен,  Сегізсай ауылдарына жасақталды. Жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтаудың жалпы құны  62,731 млн. теңге.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шыңғырлау селосының шығыс бөлігінде 30 бір пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына  жобалық-сметалық құжаттамалары каралуда. Мердігер «Казэкология жобалау» ЖШС-і. Жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтаудың жалпы құны 2232142 (екі миллион екі жүз отыз екі мың бір жүз қырық екі) теңге.

 

2. Сумен қамту бағдарламасы бойынша:

2012 жылдан басталған аудан орталығының ауылішілік су құбырын қайта құру жұмыстары жүргізілді. Құрылыстың жалпы құны 381 млн. 208мың тенге. Қазіргі кезде мердігер «Азиятехстрой» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Кіргізілуі қажет 1902 тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су құбыры толық кіргізіліп, таза сумен қолданып отыр. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен нысан 2013жылы 26 тамызда қабылданды.

Облыстық бюджеттен келесі нысандарға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 7 млн. 935 мың теңге бөлінді. Олар: «Шыңғырлау ауданы Тасмола ауылындағы су құбырын қайта құру»; «Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылындағы су құбырының құрылысы»; «Шыңғырлау ауданы Лубенка ауылындағы су құбырын қайта құру»; «Шыңғырлау ауданы Амангелды ауылындағы су құбырының құрылысы»; Жобалаушы- «Уралводпроект» ЖШС-і, жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталды және мемлекеттік сараптама жүргізілді.

 

3. Газбен қамту бағдарламасы бойынша:

Жергілікті бюджет қаражат есебінен Лубен, Ақсуат, Алмаз, Карағаш ауылдарын әлеуметтік нысандарын газдандыру, жобалаушы мердігер «ЖайыкСтройПроект»ЖШС-і жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде: Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге 4 949 280  (төрт миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың екі жүз сексен) теңге бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражат есебінен Сезізсай ауылына әлеуметтік нысандарын газдандыру жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобалаушы «Уралгазпроект». Жобаның жалпы құны 588 000  (бес жүз сексен сегіз мың) теңге.

Полтавка ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыру мердігер «Газстрой» ЖШС-і нысаны бойынша жұмыс жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны (жиырма бір миллион үш жүз елу алты мың үш жүз отыз) теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 6 ай.

Амангелді ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыру мердігер «Газстрой» ЖШС-і нысаны бойынша жұмыс жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны 8300000 (сегіз миллион үш жүз мың) теңге. Құрылыстың аяқталу мерзімі 3 ай.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мердігер «Казэкология жобалау» ЖШС-і Қайынды ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыру құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге  950000  (тоғыз жүз елу мың) теңге.

 

4. Инфрақұрылыммен қамту бағдарламасы бойынша:

Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау селосының шығыс бөлігін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (газбен қамту, электрмен қамту, сумен қамту)» нысанына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 1 млн. 650 мың теңге бөлініп, «Казэкологияжобалау» ЖШС-мен жоба әзірленуде. Мемлекеттік спараптама өткізілді.