2018-2020 жылдарға арналған Шыңғырлау аудандық мәслихат аппараты Азаматтық бюджеті

Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

Шыңғырлау аудандық  мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;

Шыңғырлау аудандық  мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

Шыңғырлау аудандық  мәслихат аппараты – бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган болып табылады.

Бюджеттік бағдарламаларды жылжымалы негiзде жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлейдi және ол тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемін қамтиды.

Бюджеттік бағдарламаларды аудандық экономика және қаржы келісу бойынша аудандық мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі.

Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2017 жылы 20 желтоқсанда
№17-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешімімен бекітілген, мәслихат аппаратына 20 928 мың.теңге сомасында қаражат жоспарланды.

Шыңғырлау аудандық  мәслихат аппараты 1 бюджеттік бағдарламалық (001) қызмет көрсетіледі

 

Администратор

 

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

 

Атауы

Бір жылға арналған шоғырландырылған қаржыландыру жоспары (мың тенге)

 

Есепті кезеңдегі шоғырландырылған қаржыландыру жоспары

% орындалуы

міндеттемелер үшін

 

төлемдертуралы

112

 

 

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

20 928

20928

20928

 

 

001

 

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

20 928

20928

20928