Шыңғырлау ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп. Есептік мерзім: 2017 ж. (rar, 4.3 Mb)

Шыңғырлау ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп. Есептік мерзім: 2016 ж. (rar, 1 Mb)

2016-2020 жылдарға арналған Шыңғырлау ауданының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (xls, 222 Kb)

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (өзгерістерімен, Шыңғырлау аудандық мәслихаты сессиясының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 33-4 шешімімен бекітілген) (rar, 187 Kb)

Шыңғырлау ауданының 2020 жылға дейінгі даму ЖОСПАРЫ (СТРАТЕГИЯ) (rar, 854 Kb)


Шыңғырлау ауданының 2018 жылдың 1 желтоқсанына әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

МӘЛІМЕТТЕР

1. Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімінің көлемі қолданыстағы бағамен 782,5 млн.теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкесті кезеңіне 100,4%-ды құрады.

 

2. Инвестиция

Негізгі капиталға инвестициялар 2044,0 млн. теңгені құрады, 2017 жылдың деңгейіне 146,4% құрады.

 

3. Ауыл шаруашылығы

Ауданда 264 шаруа қожалығы тіркелген, олардың  ішіндегі жұмыс істейтіні – 261 бірлік (тіркелгендерден 98,9%), жұмысшылардың саны 315 адам. Орташа алғанда әрбір ШҚ-на 1 жұмысшыдан келеді.

3.1. Мал шаруашылығы.

2018 жылдың 1 желтоқсанына аудан бойынша тірі салмақта 3422,2 тонна ет өндірілді, сүт-14895,0 тонна, 3313,0 мың дана жұмыртқа, өткен жылғы кезеңмен салыстырсақ өсімі сәйкесінше 105,0%, 102,0% және 102,0% құрады.

бас

 

 01.12.2017 жыл

01.12.2018 жыл

01.12.2018 жыл   01.12.2017 жылдың %-на

Ірі қара мал

26467

28835

108,9

Соның ішінде сиыр

13165

14510

110,2

Қой мен ешкі

37589

40251

107,1

Шошқа

371

373

100,5

Жылқы

5622

6244

111,1

Түйелер

58

58

100,0

Құс

44980

46201

102,7

 

3.2. Өсімдік шаруашылығы.

Дәнді дақылдардың 5154 гектары шабылып, орташа түсім 16,2 ц/га, жалпы өнім 8328 тонна құрады.

2798 га аумағында майлы дақылдар шабылып, орташа түсім 7,6 ц/га, жалпы өнім 2116 тоннаны құрады.

75  га картоп дақылы жиналып, түсімі 126,7 ц/га, жалпы өнімі 950 тонна.

Түсімі 151,7 ц/га, жалпы өнімі 910 тонна, 60 га аумағында көкөніс жиналды.

90 га аумағында бақша дақылдары жиналды, түсімі 100,0 ц/га, жалпы өнімі 900 тонна.

 

4. Шағын кәсіпкерлік

Шағын бизнестің 45 заңды тұлғалары тіркелді, олардың 33-і жұмыс істейді. Шағын бизнестің қызмет етуші субъектілерінің басым үлесінің тіркелгендерге қатынасы 73,3% құрайды. Оларда жұмыс істейтіндердің саны 286 адам. 2017 жылдың 1 желтоқсанына 46 заңды тұлғалар тіркелді, жұмыс істейтіні – 34, жұмысшылар саны – 286 адам.

625 бірлік жеке кәсіпкер тіркелген, олардың жұмыс істейтіндері – 575,  жұмысшылар саны 675 адам. 2017 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 573 жеке кәсіпкер тіркелді, олардың нақты жұмыс істейтіні – 487, жұмысшылар саны – 501 адам.

2018 жылдың 1 желтоқсанына шағын бизнес саласында жұмысшылар саны – 961 адам (2017 жылғы кезең деңгейіне 122,1% құрады).

Нақты жұмыс істейтін шағын бизнестің шаруашылық субъектілерімен өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметінің көлемі 3403,6 млн. теңге ( 2017 жылғы сәйкесті кезең деңгейінен 0,4% жоғары).

Шағын бизнес субъектілерінен аудан бюджетіне 64593,0 мың теңге мөлшерінде салық түсті, соның ішінде заңды тұлғалардан 5092,0 мың теңге, жеке тұлғалардан 59501,0 мың теңге.

 

5. Сауда (тауар айналымы)

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 603,1 млн. теңгені немесе 2017 жылғы сәйкесті кезең деңгейінен 2,3 есе жоғары. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 4886,4 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 117,0%-ды құрады.

 

6. Әлеуметтік сала

6.1. Білім беру

Аудан бойынша 16 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде: жалпы орта білім беретін мектеп – 6, негізгі мектеп – 7, бастауыш мектеп – 3 бірлік. Ауданда 1981 бала 200 сынып-жинақтарында оқиды. Мектепке дейінгі мекеме саны – 8, онда 559 бала тәрбиеленеді. Одан басқа 3 мектеп балабақшасында 66 бала тәрбиеленеді.

Мектептен тыс 930 бала оқитын 3 мекеме бар.

Ауданның барлық мектептеріне телефон өткізіліп, интернет жүйесіне қосылған.

Қайыңды, Жаңакүш, Правда бастауыш мектептерінде,  Жаңатұрмыс, Амангелді, Ақсуат, Cегізсай  Қуағаш негізгі мектептерінде 8 шағын орталық  жұмыс істейді.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан 15853,2 мың теңге көмек көрсетілді, оның ішінде 409 балаға ыстық тамаққа - 11873,6 мың теңге, 30 балаға жазғы демалысқа - 3979,6 мың теңге.

Шыңғырлау орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл мақсаттарға облыстық бюджет трансферттері есебінен 244 278,0 мың теңге бөлінді, 215 417,8 мың теңге игерілді.

 

6.2. Денсаулық сақтау.

Аудан бойынша 19 емдеу алдын-алу мекеме қызмет көрсетеді, соның ішінде: аудандық аумақтық медицина бірлестігі, оның құрамына аудандық аурухана, емхана, 1 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық пункт кіреді, 5 фельшер-акушерлік пункті. Жалпы дәрігерлер саны 27, орта медицина қызметкерлердің саны 117 адам. Күндізгі стационарда 46 төсек орын, тәуліктік стационарда 40 төсек орын бар.

Облыстық бюджет трансферттері есебінен ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу жүргізілді:

  • Қарағаш фельдшер-акушерлік пунктін 20 879,8 мың теңге;
  • Амангелді фельдшер-акушерлік пунктін 10 585,1 мың теңге;
  • Белогор фельдшер-акушерлік пунктін 18 636,6 мың теңге;
  • Шоқтыбай фельдшер-акушерлік пунктін 9146,6 мың теңге.

 

6.2.1. Эпидемиологиялық ахуал

Ауыл халқының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту  мақсатында шаралар атқарылуда. 2018 жылға сақтандыру егу жоспарына сәйкес әрбір елді мекенде тұрғындар арасында полиомелит, қызылша, сіреспе, дифтерия және т.б. инфекциялық ауруларға егулер жасалды.

 

7. Ақпараттық кеңістік

7.1. Мәдениет

Мәдениет бөлімі бойынша 19 кітапхана, 16 клубтық мекеме, 1 киноқондырғы жұмыс жасайды.

Шыңғырлау МКҚК «Мәдениет демалыс орталығы» ұйымдастыруымен 913  мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, оған 106570 көрермен қатысты.

Мәдени ошақтарда 108 үйірме жұмыс жасайды, оған 885 адам қатысады.

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 2018 жылдың 1 желтоқсанына: оқырмандар саны – 10145 адам, кітап берілімі – 263210 бірлік, кітапханаға келушілер саны – 136450 оқырман, өткізілген шаралар саны – 1115, қатысқандар саны – 9850 адам.

Кітап қоры 298000 данадан тұрады.

7.2. Спорт

Ауданда селолық округтер бөлімдерінде филиалдары бар 388 спортшы тәрбиеленетін жасөспірімдер спорттық мектебі жұмыс жасайды. Тұрақты түрде спорттық іс-шаралар жүргізіліп тұрады.  БЖСМ оқушылары облыстық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында ашық стадионның құрылысына» мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге аудандық бюджет есебінен 681,0 мың теңге бөлінді, 680,8 мың теңге игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 160 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына» мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге аудандық бюджет есебінен 1357,0 мың теңге бөлінді, 407,0 мың теңге игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында 160 орынға арналған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына» ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет есебінен 4278,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

 

8. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау

Ауданда 1973 зейнеткер, 316 мүгедек тұрады. Кедей отбасылардың саны 90 бірлік. Жұмыссыздар саны 262 адамды құрайды (2017 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 75,8%-ға жоғары). Ресми жұмыссыздық деңгейі 2,93%-ды құрайды. Жыл басынан бері 669 адам жұмысқа орналастырылды.

90 отбасыға (370 адам) 13987,1 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды және төленді.

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 9 балаға 629,0 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен төленетін әлеуметтік төлемдер 568 адамға 15310,0 мың теңге төленді. Тұрғын үй көмегі 103 алушыға 12217,0  мың теңге төленді.

«Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес тіл мамандарының қызметін көрсету, жеке көмекшілермен мұқтаж мүгедектерге арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 8239,9 мың теңге игерілді.

627 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қоғамдық жұмыстарға 345 адам бағытталды, 25236,0 мың теңге тағайындалды және төленді.

Кәсіптік оқуға 76 адам бағытталды, 14377,0 мың теңге игерілді.

 

9. Инфрақұрылым

9.1. Газдандыру

2018 жылдың 1 желтоқсанына газ құбыры Ащысай, Талдысай, Мырзағара, Амангелді, Жіңішке, Шоқтыбай, Жаңакүш, Қызылкөл, Ұрысай, Ақсұғым, Тасмола, Полтава, Белогор, Алмаз, Лубен, Қарағаш, Сегізсай, Қайыңды және Шыңғырлау селосында, мектептер, аурухана және басқа да объектілерден өтіп, тұрғын үйлерді газдандыру жалғасуда.

Ветеринария станциясын газдандыруға облыстық бюджет трансферттері есебінен 15222,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

«Ветеринария станциясын газдандыру» жұмысы жобасы бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге аудандық бюджет есебінен 237,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Шыңғырлау ауданының Ақсуат ауылының әлеуметтік нысандарын газдандыруға облыстық бюджет трансферттері есебінен 25374,0 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен 308,0 мың теңге бөлінді. Облыстық бюджет трансферттері есебінен 25374,0 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен 307,4 мың теңге игерілді.

Шыңғырлау ауылындағы Л.Қлышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебіне және жанындағы интернатқа қазандықтар орнату құрылысына облыстық бюджет трансферттері есебінен 46271,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

 

9.2. Сумен жабдықтау

«БҚО Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында су құбырының құрылысы» нысаны бойынша ЖСҚ жасақтау және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуге облыстық бюджет трансферттері есебінен 4582,0 мың теңге бөлінді және толықтай игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылында су құбырының құрылысы» жобасы бойынша  кешенді мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге облыстық бюджет трансферттері есебінен 1726,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

Шыңғырлау ауданы Амангелді ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджет трансферттері есебінен 153658,0 мың  теңге, облыстық бюджет трансферттері есебінен 19207,0 мың  теңге бөлінді және игерілді.

Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында су құбырын қайта құруға республикалық бюджет трансферттері есебінен 53656 мың теңге, облыстық бюджет трансферттері есебінен 37165,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

«Шыңғырлау ауданы Белогор ауылының су құбырын қайта құру» жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджет трансферттері есебінен 9346,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен 1931,0 мың теңге бөлінді және игерілді.

«Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылының су құбырын қайта құру» жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет есебінен 300,0 мың теңге бөлінді, 268,0 мың теңге игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылында су құбырының құрылысы» жобасы бойынша  кешенді мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге аудандық бюджеттен 721,0 мың теңге бөлінді, 720,8 мың теңге игерілді.

Ащысай ауылында су құбырының құрылысына  республикалық бюджет трансферттері есебінен 131202,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен 300,0 мың теңге бөлінді. Республикалық бюджет трансферттері есебінен - 131202,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 294,0 мың теңге игерілді.

Ашықтоғай ұңғымасынан Жаңакөш ауылына дейін су құбырының құрылысына республикалық бюджет трансферттері есебінен  90000,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен 300,0 мың теңге бөлінді. Игерілді: республикалық бюджет трансферттері есебінен 90000,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен – 294,0 мың теңге.

«Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылының су құбырын қайта құру» жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет есебінен 100,0 мың теңге бөлінді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай ауылында су құбырының құрылысы» жобасы бойынша  кешенді мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жүргізуге облыстық бюджет трансферттері есебінен 1035,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен - 1,0 мың теңге бөлінді.

 

9.3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым

"БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының Атамекен шағын ауданы орталық бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бойынша газбен жабдықтау құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет қаражаты есебінен 100,0 мың теңге бөлінді.

"БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының Атамекен шағын ауданы орталық бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бойынша электрмен жабдықтау құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет қаражаты есебінен 100,0 мың теңге бөлінді.

"БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылының Атамекен шағын ауданы орталық бөлігінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары бойынша сумен жабдықтау құрылысы" нысаны бойынша ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет қаражаты есебінен 100,0 мың теңге бөлінді.

 

10. Жолдар

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыздандыруға 76366,0 мың теңге бөлінді, 71879,0 мың теңге игерілді.

Шыңғырлау ауылының автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша сараптама жүргізуге аудандық бюджеттен 497,0 мың теңге бөлінді, 491,1 мың теңге игерілді.

 

11. Тұрғын үй

Жалпы көлемі 2480 шаршы метр 30 коммуналдық тұрғын үй (30 пәтер) іске қосылды, 2017 жылдың сәйкесті кезеңі деңгейінен 2,4 есе жоғары.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылына 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша мемлекеттік ведомствадан тыс сараптама жүргізуге аудандық бюджеттен 962,0 мың теңге бөлінді, 961,6 мың теңге игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылына екіпәтерлі 7  тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша мемлекеттік ведомствадан тыс сараптама жүргізуге және ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет есебінен 4001,0 мың теңге бөлінді, 4000,0 мың теңге игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылына екіпәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша мемлекеттік ведомствадан тыс сараптама жүргізуге және ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет есебінен 1429,0 мың теңге бөлінді, 1428,0 мың теңге игерілді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылына екіпәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша мемлекеттік ведомствадан тыс сараптама жүргізуге және ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет есебінен 1429,0 мың теңге бөлінді.

«БҚО Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылына екіпәтерлі тұрғын үй құрылысы» нысаны бойынша мемлекеттік ведомствадан тыс сараптама жүргізуге және ЖСҚ жасақтауға аудандық бюджет есебінен 1430,0 мың теңге бөлінді.

 

12. Қаржы

2018 жылдың 1 желтоқсанына кірістер бойынша аудандық бюджет 102,0% орындалды, 3777,0 млн.теңге болжанғанымен, түсімдер 3852,3 млн.теңгені құрады. Шығыстар 99,1% орындалды. 3777,0 млн.теңге жоспарланғанымен, орындалу 3741,3 млн.теңгені құрады.