Бүгін  аудан  орталығындағы «Болашақ» балабақшасында бүлдіршін балабақша тәрбиеленушілері арасында аудандық «Үкілі ару-2018» байқауы өтті. Барлық жүргізілу тәртібі «Балабақша аруы» сайысына ұқсайтын бұл сынға сегіз балабақшадан үміткерлер қатысты.

Шыңғырлау жұртшылығы Талаптыер Дүйсебаев ағамызды жақсы біледі. Биыл белгілі бапкер, талантты спортшы, ақжарқын азамат 65 жасқа толды. Бар өмірін Шыңғырлау спортына, спортты серік еткен жандарды тәрбиелеуге, спортшыларға осы сырлы әлем сырына қадам басуға игі әсер тигізуге арнаған Талап Жұмабайұлының мерейлі жасын жерлестеріміз қуана қарсы алып, шырайлы шарамен атап өтті.

Жалпы халқымыз, “көрісу күні” атап кеткен 14 наурыз күні Ақтау ауылында тұратын берекелі Бексейітовтердің шаңырағына жолымыз түсті. Ауданымыздың құрметті азаматы, ардақты ұстаз ағамыздың отбасы бізді қуана қарсы алып, мәз болып қалды.

Рухани жаңғыруды, ұлтымыздың ұмыт қала бастаған дәстүрлерін, әдет-ғұрпын насихаттау, бүгінгі күнде бар болғанымен күнделікті қолданысқа көшпеген елдік тағлым, ғибратты шараларды бүгінгі уақыт талабымен үйлестіре ұсынуды, дәстүрлік құндылықтарымызды бүгінгі қоғамға, жас буынға үлгі етуді басты мақсат еткен тағы бір мәдени шара Лубен ауылдық клубында ұйымдастырылды.

Ауылымыздағы әз әжелердің бірі Төребаева Разия -  1925 жылдың 10 мамырында  Кіндікті ауылында  дүниеге келген. 1933 жылдар бүлдіршін қыз шамасында Лубендегі  мектептің табалдырығын аттап, бар-жоғы 5 кластық білім алып шығады.

Қыстан шыққан тіршілік иелері жылылық пен шуақты асыға күтетіні белгілі. Көктемнің алғашқы айы жанға жылылық құятын шырайлы мерекелермен басталады.  Көпұлтты біздің еліміз үшін әр мерекенің мәні зор. Алғыс айту күнімен басталған көктемнің алғашқы күні нәзік жандылардың мерекесіне ұласты.

Көктеммен ілесе келген жарқын мереке қарсаңында Алмаз ауылдық әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдағы жасы үлкен әжелерге құрмет көрсетілді.