Ауыл шаруашылығы тауарын өнді-рушілерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселері бойынша ауданымызда алқалы жиын өтіп, оған  аудан әкімі Альберт Есалиев  төрағалық етті.  Жиынға   ауылдық округ әкімдері,  АӨК төрағалары, шаруа қожалық басшылары  шақырылып, оған облыстан арнайы құрылған насихатшы топ келді.

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын белгілеп қана қоймай, оларға қол жеткізудің жағдайын да жасап келеді. Еліміздің табысты дамуының сенімді іргетасы ол - халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім екені анық.

Биылғы жылдан бастап ауданға кірер жерде орналасқан жанар-жағар май құю станциясы жұмысын жаңғыртып, қайта іске қосылды.

Жуырда Орал қаласында «Ақжайық» телеарнасының тікелей қолдауымен, облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасы және облыстық, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарының тікелей ұйымдастыруымен «Танылмаған талант» атты үлкен өнер шарасы өтті. Аудандар мен қала жастары ішінде өткен іріктеу кезеңдерінде анықталған дарындылар облыстық қорытынды сайысқа жолдама алған болатын.

Жақында ғана жарық көрген Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың  халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты  ундеуін  оқып, таныстық.  Елдің болашағын алыстан болжайтын, халқына бағыт-бағдар беріп,  жаңашыл бағдарламаларды ұсы-натын Елбасының бұл үндеуі де көңілімізден шықты.

Жыл өткен сайын еліміздің, соның ішінде ауданымыздың   гүлденуі мен көркеюі  тұрғындар  өміріне жаңа бір соны серпіліс, жаңа тыныс беріп, алға ұмтылдыруда. Оның үстіне  мемлекет  тарапынан  кәсіпкерлерге көрсетілер қолдаулар мен берілетін  несиелер түрлерінің  жыл санап көбеюі орта  және шағын кәсіпкерліктің дамуы мен  ел экономикасының күн санап өрлеуіне әкелуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген маңызды бағыттарының бірі  қазақ тілінің латын графикасына көшуі болып табылады.