рисунок

Бүгінгі таңда еліміз бойынша Бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп беру-сайлау науқаны өтуде. Осы орайда, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев, кеңес мүшесі, ауданның құрметті азаматы Алғали Тасмағамбетовпен бірге  Ащысай ауылындағы бастауыш ардагерлер Кеңесі мүшелерімен, жергілікті тұрғындармен кездесті.

рисунок

Басымыз  ауырып, балтырымыз сыздаған кезде  жүгінетін, ауырған дерттің шипасын іздеп есігін  қағатын ақ халатты  абзал  жандар туралы  қанша айтсақ та артық  болмас.

Құмар Сәрсенұлы Исқалиев –Гурьев өңірінің тумасы. Қарапайым отбасында дүниеге келген бозбала 9 класты 1943 жылы бітірген тұста, осы жылы әскер қатарына шақырылады.  Ол  1943 жылдың басынан шілде айына дейін Одессадағы жаяу әскер даярлайтын училищеде курсант болып, сонан соң Москва облысындағы Ступино қаласында 17-ші гвардиялық әуе десанты бригадасында көздеуші (наводчик) болып алғашқы рет ұрыс алаңына кірген екен.

Біз  білетін қызмет салаларының, мекемелер-дің  ішінде тағы бір ерекше мамандық иелері жұмыс істейтін орын бар. Ол өрт сөндіруші мен құтқарушылардың басын қосатын  мекеме - Шыңғырлау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі. Мекеме атауы бүгінге дейін қаншама рет ауысқанымен атқарар  қызметі өзгеріссіз.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Стексов іссапармен ауданымызда болып, көктемгі егіс жайы, жалпы ауыл шаруашылығы саласы дамуының жағдайын көрді. «Жарас» ШҚ егіс даласын аралаған  И. Стексов биылғы далалық жұмыстар жайында тереңірек танысып, құнды ұсыныстар айтып, проблемалық мәселелерді шешу жөнінде нақты ақыл-кеңес берді.

Аудан әкімі А.Есалиевтің шешімімен округ орталығы Шыңғырлау селосында өткен сенбілік мақсатына жетті. Ауыл әкімі Ғұсман Жұмағазиев ұйымдастырған бұл шараға барлық мекеме, ұйымдар белсене қатынасып, жұмыла еңбек етті. Сенбіліктен бір байқағанымыз:  ауылдастардың мәдени саналылығы өскендігі. Өткен жылдармен салыстырғанда қоқыстар мен заттар қалдықтары өте аз.

«Немене көрген қызық көрмегендей,

Жас дәурен жауар бұлтқа өрлегендей.

Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,

Қайрап ап, қалың жауға сермегендей»,- деп сайын далада ән оздырған батыр Мәди Бәпиұлының «Қарқаралысы» жұлып түсер жігіттікті, жастықты әдемі суреттеп бермей ме. Міне сол, жастық жігердің сынға түсіп, аудан жігіттерін шаршы топқа бір салған тамаша шара Белогор ауылдық округінде өтті.