Жуырда аудан әкімі Альберт Есалиев аудан тұрғыны, ғұмырлық еңбегі мәдениет саласына арналған, бүгінде зейнеткер Надежда Павлованы қабылдады. Қажымас клуб қызметкерінің мерейлі 70 жасқа толуы бұл қабылдаудың басты себебі болды. Қабылдау барысында аудан басшысы мен мерейтой иесі арасында аудан дамуы, ауданның бүгінгі мәдени тынысы, зейнеткердің ғұмырлық еңбек жолы мен өмірбаяны тұрғысында әңгіме-дүкен өрбіді.

Гвардия капитаны Петр Шакирұлы Садықов Орынбор облысы, Краснохолм ауылында дүниеге келген. Бастауыш сынып білімі бар жас ес білгелі әкесінің бағыттауымен  колхозда қарапайым жұмысшы, тракторист  болып еңбекпен есейеді. Совет Армиясы қатарына шақырылып, әскери борышын өтеп қайтқан оған әскери  өмірдегі алған тәжірибесі  іске асып, Краснохолм НКВД төтенше өкілінің көмекшісі болып қызмет атақарады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

рисунок

Аудандық балалар мен жассөспірімдер спорт мектебінде спорттық шара өтті. «Динамо» қоғамы БҚО филиалының сыйлығы мен құқыққорғау органдары қызметінің ардагері болған Мәндібай Туғанбаевты, полиция қызметкері Марат Дәулетовті еске алуға арналған турнирге аудан орталығынан, Ақбұлақ ауылдық округінен спортшылар қатынасты.

рисунок

Бүгінгі таңда еліміз бойынша Бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп беру-сайлау науқаны өтуде. Осы орайда, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Сәмиев, кеңес мүшесі, ауданның құрметті азаматы Алғали Тасмағамбетовпен бірге  Ащысай ауылындағы бастауыш ардагерлер Кеңесі мүшелерімен, жергілікті тұрғындармен кездесті.

рисунок

Басымыз  ауырып, балтырымыз сыздаған кезде  жүгінетін, ауырған дерттің шипасын іздеп есігін  қағатын ақ халатты  абзал  жандар туралы  қанша айтсақ та артық  болмас.

Құмар Сәрсенұлы Исқалиев –Гурьев өңірінің тумасы. Қарапайым отбасында дүниеге келген бозбала 9 класты 1943 жылы бітірген тұста, осы жылы әскер қатарына шақырылады.  Ол  1943 жылдың басынан шілде айына дейін Одессадағы жаяу әскер даярлайтын училищеде курсант болып, сонан соң Москва облысындағы Ступино қаласында 17-ші гвардиялық әуе десанты бригадасында көздеуші (наводчик) болып алғашқы рет ұрыс алаңына кірген екен.