11 07 18 news 1

Елімізде  тағы да бір ұлттық рухымызды асқақтататын, халқымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттайтын мереке - Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген шілденің бірінші жексенбісі - Домбыра күні  аталып өтті. Қолына домбыра ұстап, әу демейтін қазақ жоқ шығар, сірә. Атам қазақ бесіктен белі шықпаған баласын домбыраның қасиетті үнімен сусындатып, жұбатты. Халқымыздың асыл мұрасы - домбырасын атадан -балаға мирас етті. Енді міне, осы қасиетті аспапқа арнап мемлекеттікдәрежеде мән берілу идеясы ұтпаса, ұтылмасы анық.

11 07 18 news 3

Жақында «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

03 07 18 news 3

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың әлеуметтік инфрақұрылымына партиялық бақылау жүргізді.

03 07 18 news 2

Ауданымызға тағы екі  су жаңа автокөлік пайдалануға берілді. Нақтырақ айтқанда,  жаз басталысымен  жұмыстары  көбейетін   № 22 өрт сөндіру  бөлімі көліктерінің қатары   жаңа екі автокөлікпен толықтырылды. Осы  қуанышты сәтке орай   мекемеге  аудан әкімі  Альберт Есалиев  келіп,  авариялық құтқару қызметіне арналған  УАЗ  және  АЦ-40-5  өрт сөндіру УРАЛ  автокөліктерінің жұмыс жасау барысымен танысып, өрт сөндіру қызметкерлерін  жаңа көліктерімен  құттықтады.

03 07 18 news 1

Биыл қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Осыған орай, аудандық саябақта «Жанерке» бишілер тобының «Жан жүрегім - Астана» атты шығармашылық концерті өтті. Жанаргүл Баубекова жетекшілік ететін бұл би тобы үлкен және кіші би топтарынан тұрады.

рисунок

Маусымның 12 жұлдызында аудандық «Арай» жазғы демалыс лагерінің ашылуына орай «Армысың, лагерь, рухани өмір ордасы» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Мереке топ басшыларының аға тәлімгер Самат Байболатқа тапсырған рапортынан басталды. Аудан әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағамбетов, ауданымыздың құрметті азаматы Бақытжан Сапаров, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Бәйтеновалар сөз сөйлеп, балаларға демалысты көңілді өткізуге тілек білдірді.

рисунок

Ораза айында небір жақсы істер жалғасын тауып жатады. Адамдардың бір-біріне деген ілтипаттары мен ізгіліктері осы айда үстемеленіп,  айналасындағыларға деген ықылас-пейілдері кеңіп, достық көңілдер бір-біріне тек жақсы  тілектер  тілейді.