24 10 18 news 7

Елбасы Жолдауы халықтың санасынан орын алып, межелеген міндетті жұмыстарды атқаруға бастау болғаны айқын. Жолдаудан туындайтын жаңа жұмыстар жөнінде аудан активі жиналған шарада негізгі мәселе ретінде қаралды.

24 10 18 news 6Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемнің мықты елдерімен  үзеңгі қағыстыруға талпынып  келеді. Әрине, Елбасы Жолдауының мақсаты – елімізді жаhандық бәсекеге қабілетті ету. Яғни, Елбасымыздың нақтылап берген саяси бағыты мен жоспарын бірлік пен берекемізді жарастырып, жұмыла жүзеге асыру міндетіміз болып табылады. Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналып, адамзат өміріне қажетті салалардың барлығына тоқталып өтіп, арнайы тапсырмаларды бекіткен  болатын. Жалақының өсуі, білім, денсаулық саласының сапасын арттыру, тұрғын үй мәселесін одан әрі дамыту секілді міндеттерді межеледі.

11 10 18 news 4

Қартын қадірлеген елміз, үлкендерге ізет көрсетіп келе жатқан ұрпақпыз. Жылына бір келетін мерекені қарттардың жадында қалатындай етіп өткізу басты міндет. Атаулы күні аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көмек алып жатқан қарияларға “Қарттарды қадірлейік” атты 1 қазан халықаралық қарттар күні мерекесіне орай  дәстүр бойынша үлкен шаралар ұйымдастырылды.

11 10 18 news 3

Үлкенге деген құрметті паш ететін, мейірімділік пен ізгіліктің мерекесіндей болған қариялар күнін атап өтуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ерекше дайындалды.

11 10 18 news 2

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционалдық реформасы және «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен айқындалған маңызды кезең бүгінгі таңда одан әрі дамуда.

11 10 18 news 1Баршамызға мәлім, өткен 2017 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан Республикасының Призеденті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

рисунок

Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  «Чек талап ет  - жүлдеге ие бол!» акциясына қатысу үшін кең көлемде түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында 2018 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Шыңғырлау  жастар қоғамдық бірлестігімен Шыңғырлау колледжінің студенттерімен бірге флешмоб  өткізілді.