14.10.2016

Қариялар күніне орай аудан әкімінің қатынасуымен «АқРам» мейрамханасында сәнді шара оздырылды. Жүзден астам аталар мен әжелер әр ауылдық округтерден қатынасқан салтанат жақсы өтті. Шақырылған қарттар алдында құттықтау сөзін алған аудан басшысы А.Есалиев үлкендерге өмір бойы атқарған еңбектері үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, әдемі қарттық тіледі.

Мерекелік үстел басында емен-жарқын әңгіме айтып, шәй ішкен қариялар риза болды. Шараға қатынасқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері А.Рудь пен С.Ығылманов ақсақалдар атынан рахмет айтып, көпшілікті алда да бірлесіп, ақылдасып жұмыс атқаруға шақырды.

 Кешті  Ш.Баубеков  пен Г.Гончарова жақсы жүргізіп, аудандық мәдениет  үйі өнерпаздары әсем ән мен сәнді билерін тарту етті.

Өз кезегінде үлкендер атынан апалы-сіңлілі Айша, Жаңыл Тұяқовалар, Т.Тәжекенова ән салса, Жаңакүш туралы шығармасын Б.Дарисов орындап берді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген шара көптің көңілінен шықты.

   Адақ Шотпанов