рисунок

2019 жылғы 13 қыркүйекте бірыңғай конкурстық комиссиясының шешімі негізінде, Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес, Еслямов Рүстем Телманұлы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Еслямов Рүстем Телманұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округіне қарасты Марксизм ауылында дүниеге келген, білімі жоғары.

2007 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және басқару институтын «Қаржы» мамандығы бойыншабітірген.

Р.Т.Еслямов 2008 жылдың ақпан айынан бастап 2008 жылдың шілде айы аралығында «Uni Finance» маркетингтік қызмет агенттігі» ЖШС-нің Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы  құрылымдық бөлімшесінің менеджері, 2008-2012 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Белогор ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2012-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақтау (Белогор) ауылдық округінің әкімі, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Отбасылы, бір ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

Аудан әкімінің аппараты.