рисунок

Мемлекет басшысы жаңа кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жаңа стилін қалыптастырудың барлық бағыттары бойынша олардың қызметін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұсынылған ұлттық баяндамада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде кадрларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйесі жетілдірілді. Персоналды басқарудың қазіргі заманғы құралдары енгізілді, мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамы арттырылды.

Бизнес-үдерістерді кең ауқымды автоматтандыру және ақпараттық жүйелерді біріктіру, сонымен қатар, мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен жинақы болуын қамтамасыз ететін «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі (әрі қарай - Е-қызмет жүйесі) енгізілді. Бұл жүйе республиканың мемлекеттік қызметкерлері туралы деректер базасы болып табылады (тұрғылықты жері, отбасылық құрамы, еңбек жолы, марапаттау мен тәртіптік жазалары т.с.с толығымен қамтылған) және кадрлық іс жүргізумен байланысты бизнес- үдерістерді оңтайландыруға арналған.

 Батыс Қазақстан облысы бойынша барлық мемлекеттік органдар  "Е-қызмет" жүйесіне қосылған. Бұл әрбір мемлекеттік қызметшіге еңбектерінің тиімділігін арттыруға, қағаз құжат айналымын қысқартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік қызметкер уақытты үнемдей отырып, әртүрлі өтініштерді, түрлі қызметтік хаттарды жүйе арқылы рәсімдейді және басшылық тарапынан келісу, шешім қабылдау үдерістері электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦП) арқылы қол қоюмен жүзеге асырылды.

Бұл ретте, 2019 жыл басынан бастап бизнес-үдерістерді автоматтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес конкурстық сатыларына (процедураларына) өзгертулер енгізілді.  Осымен кейбір кадр іріктеу бойынша үдерістері автоматтандырылды. Енді үміткерлердің тестілеу нәтижелері электронды нұсқада сақталып, құжат тапсырған мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" жүйесі арқылы  тесттен өту қортындысын тексере алады. Бұл, азаматтардың құжаттарды тапсыру         санын қысқартады

Одан бөлек, конкурстарға қатысуға ниет білдірген үміткерлер конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Тек, құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Ал, ішкі конкурс кезінде мемлекеттік қызметшілерге құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" жүйесі арқылы тапсыруға мүмкіндік беріліп, бұл кезде түпнұсқаларын ұсыну қажет емес.

Бұдан бөлек, 2018 жылдан бастап облыс бойынша барлық мемлекеттік органдар кадрлардың жәй-күйі мониторингі есебін «Е-қызмет» жүйесінде тапсыруға көшіп, аяқтай келіп тапсыру мүлдем жойылды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысымен «Персоналды басқарудың бірегей автоматтандырылған қызметі» жобасы 13 мемлекеттік органда іске асырылуда. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның барлық мемлекеттік органдарының пилоттық жобаға кіруі жоспарлануда

Озық жүйелерді қолдана білу мемлекеттік аппаратты жаңа, стратегиялық-инновациялық деңгейге шығаруға ықпал ететін болады. Ақырғы мақсат – қоғамның стратегиялық серіктестері рөлін атқаратын және нақты құндылықтарды қалыптастыратын мемлекеттік аппараттың лайықты қызметкерлері үшін тартымдылық жасау болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл

Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының

бас маманы Д.А. Молдагалиев