рисунок

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің стандарттарға сай болуын және заңнамаға сәйкес пайдалануы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар кеңесте мемлекеттік мекемелерде қолданылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің, мөрдің, белгіленген үлгідегі бланктің және маңдайшалардың бекітілген стандарттарға сай болуын және заңнамаға сәйкес пайдалануы бойынша БҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Аргенова Гүлдана Мәлікқызы  және техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Елеусизов Медетбек Қайырғалиұлы аталған мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында арнайы шақыртылды. БҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Аргенова Гүлдана Мәлікқызы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы жәнеҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінің орналастыру ережесінің талаптарын түсінідіріп өтті.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінің бас маманы Елеусизов Медетбек Қайырғалиұлы ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандарты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

рисунок

рисунок