рисунок

2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануына байланысты және «Шыңғырлау жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жыл толуына орай «15 жылдыққа-15 шара» атты бір күнде қатарынан 15 шара өткізу мақсатында аудан әкмі Альберт Есалиевтің және жастардың қатысуымен «Open Talks» ашық алаң форматында кездесу шарасы өтті.

Аталмыш кездесуде 15 жыл бұрынғы жастармен қазіргі жастардың бойындағы көзқарасы, еңбекқорлығы жан-жақты аналитикалық түрде пысықталды. Өз кезегінде аудан әкімі 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануы бұл жастарға деген үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті. Сонымен қатар кездесуде әр-түрлі салада жетістікке жеткен бірқатар азаматтар жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және жаңа қырынан дамуы үшін не істеу қажеттілігі жөнінде өздерінің ақыл-ойларын ортаға салды.

Шара барысында жастар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, сәйкесінше сұрақтарға жауап берілді.