рисунок

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

Міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде кірістер басқармасында тіркеліп, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.

Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 Айлық Есептік Көрсеткіш -ке 240 мың 500 теңге дейінгі мөлшерде ұсынылады.

Мемлекеттік грант  еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты,  сатып алуға пайдаланылады.

Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.

Аудан бойынша 2018 жылы  481 мың теңге құрайтын 2 грант Республикалық бюджеттен және 481 мың теңге құрайтын 2 грант облыстық бюджеттен берілді.

Барлығы 962 мың теңге құрайтын 4 грант берілді.

Ақшат ауылының тұрғыны Райымбек Исекенов,бизнес жобасы- «Ұялы телефон жөндеу».Осы жобаны іске асыру үшін 240 мың 500 теңге грант алып   еңбек құралдарын алды.

Осыған қосымша 159 мың 500 теңге жеке қаражатына жабдықтар алды. Барлығы 400 мың теңге құрайтын жоба іске асырылуда.

Шыңғырлау ауылының тұрғыны Шундибаева Салтанат бизнес жобасы – «Бөдене өсіру» .Құс орналастыратын тор және инкубатор алуға 240 мың 500 теңге грант алып керекті жабдықтар алды,осыған қосымша 159 мың 500 теңге жеке қаражатқа жетіспейтін құрылғылар алынды.

Барлығы 400 мың тенгені құрайтын бөдене өсіру бизнес жобасы іске асырылуда.

Бүгінгі күні инкубатор арқылы бірінші 250 бас балапан шығарып алып өсіруде.

Шыңғырлау ауылының тұрғыны Сарсенова Сандуғаш бизнес жобасы – «Машина жөндеу стансасын ашу».  Осыған орай 240 мың 500 теңге грант алып құрал-жабдықтар алды , сонымен қатар 200,0 мың теңге жеке қаражатқа  дәнекерлеу аппаратын,диагностика өткізетін жабдығын,керекті құралдарын сатып алды.

Барлығы жобаны іске асыруына 440 мың 500 теңге жұмсалды.

Машина жөндеу стансасының ғимаратының құрылысын аяқтап толық іске қосуы наурыз айына жоспарлануда.

Шыңғырлау ауылының тұрғыны Кабулов Асет бизнес жобасы –«Қоғамдық монша ашу». Осыған  240,5 мың теңге грант алып темірден жасалған киім ілетін шкафтар,отыратын орындықтар,жуынатын ыдыстар алды, сонымен қатар 279 мың 500 теңге жеке қаражатына жетіспейтін құрылғылар алынды.

Барлығы жобаға 520 мың теңге жұмсалды.

Моншаның ғимаратының  ішкі жұмыстарын аяқталғаннан кейін жоба іске қосылады.

рисунок

М.Джумабаев

Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы