27 12 18 news 1

Жаңа жыл түні аспан мыңдаған түрлі түсті оттармен жарықтандырылады - пиротехника қолданылады. Мерекелік көңіл-күйді күтпеген жерден пиротехниканы қолданудан болған күю және басқа жарақаттарға жол бермеу үшін қауіпсіздік шараларын ұмытпаған жөн.

Пиротехникалық өнімдер Еуразиялық экономикалық одақ аумағында Кеден одағының «Пиротехникалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сәйкес сәйкестікті бағалауға жатады.

Пиротехникалық өнімдерді сатып аларда сатушылардан сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларацияны талап ету қажет.

Пиротехникалық өнімдер айналысқа шығар алдында бірыңғай айналым белгісімен таңбаланады. Таңбаның болуы пиротехникалық өнімдердің техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін білдіреді.

Сондай-ақ, күтпеген төтенше жағдайлардан өзіңізді қорғау үшін пиротехникалық өнімнің қаптамасын және пайдалану ережелерін міндетті түрде оқып шығыңыз.

Пиротехникалық өнімдердің 5 қауіптілік кластары болады:

1 класс - минималды арақашықтық 0,5 м;

2 класс - минималды арақашықтық 5 м;

3 класс - минималды арақашықтық 20 м;

4 және 5 кластар - кәсіби пиротехника.

Тұрмыстық пиротехникалық өнімдердің қауіптілік класы III сыныптан жоғары болмауы керек.