19 12 18 news 2

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, аудан орталығын көғалдандыру үшін 200 түп қарағай отырғызылды. Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, аудан басшылығы, аудан ақсақалдары, аудандық мекемелердің қызметкерлері және жас өрендер қатысты.

Елбасымыз қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше назар аударып отыратыны белгілі. Осыған байланысты ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсарту, аудан басшылығының да басты назарында. Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов та игі істің қасынан табылып, аудан тұрғындарымен бірге көшеттерді отырғызуға ат салысты.

Аталмыш игі шара ауыл көркіне сән беріп қана қоймай, экологиялық жағдайды да айтарлықтай жақсартатыны белгілі.