19 12 18 news 1

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және күні кеше жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының мазмұндарында келтірілген тарихи тұлғаларымызды дәріптеу арқылы келер ұрпақ жанында мәңгі сақталар ұлы тұлғалардың бірі Асан Қайғы бабамызға арналған «Асан Қайғы аялдаған аяулы мекен-Шыңғырлау!» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, облыстық басқарма басшылары және Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларының ғалымдары мен ЖОО оқытушылары, көршілес аудан қонақтары қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция «Асан Қайғының асыл мұрасы» атты секциялық жұмыс отырысынан бастау алып, Асан Қайғы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғасып, түстен кейін аудандық мәдениет үйінде пленарлық отырыс өткізілді. Конференция барысында Асан Қайғы бабамыздың ауданымызға қатысты тың деректер мен құнды дүниелер айтылып, мазмұнды ойлар келтірілді,конференция соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласып,концерт соныңда аудан әкімі келген қонақтарға алғыс хаттар табыс етті.