24 10 18 news 8

Аудан орталығындағы «Қазпошта» мекемесі пошта қызметкерлері мерекесі мен баспасөзге жазылу күнін атап өтті. Соңғы кездері күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша жұмыс жүйесін енгізе отырып табысты еңбек етіп жатқан ұжымды аудан басшысы А.Есалиев арнайы құттықтады.

Альберт Темірболатұлы ұжым қызметкерлеріне риза-шылығын білдіріп, жүйелі жұмыс атқарушыларға табыс тіледі. Алдағы уақытта да жаңа технология мен үлгілі істерін жалғастыра беретіндеріне сенім білдірді. Пошта қызметіндегі ілгерілеу-шілік көзге көрініп-ақ тұр. Кезекке тұрушылар саны аз. Қызмет көрсету сапасы да жоғары деңгейде. Мереке барысында мәслихат хатшысы Г.Волкогон, зейнеткер К.Танатовтар құттықтау лебіздерін білдірді.

Газетке бірінші болып жазылған аудан тұрғыны М.Күлшариеваға Қ.Тоқаевтың кітабы сыйлыққа берілді. Газетке жазы-луға белсенділік танытқан Р.Жалетова, К.Танатов, А.Кабулова, А. Құр-машеваларға көркем журналдар ұсынылды. «Серпін» газетіне 25-ші болып жазылуға келген Н.Нұрмұқановқа тегін газетке жазылу мүмкіндігін берді.

Келгендер пошташылар-ға жылы пейіл сыйлап, мерекенің шырайын арт-тырды.

Адақ ТАНАБАЙҰЛЫ