24 10 18 news 7

Елбасы Жолдауы халықтың санасынан орын алып, межелеген міндетті жұмыстарды атқаруға бастау болғаны айқын. Жолдаудан туындайтын жаңа жұмыстар жөнінде аудан активі жиналған шарада негізгі мәселе ретінде қаралды.

 

Көпшілік алдында сөз алған аудан әкімі А.Есалиев маңызды құжаттың мән-жайын терең сарамандай  түсінік берді. Жолдаудың әр бөлімдеріне жеке тоқталған аудан басшысы нақты мысалдар арқылы дәлелдей баяндады. Үкімет тарапынан берілетін көмектер мен жеңілдіктер, қолдау мен қаржылай жәрдем мәселелері де шынайы айтылды. Баяндамадан соң жарыссөзге кезек берілді. Облыс мәслихаттың депу-таты М.Байжанов, аудандық мәслихат хатшысы Г.Волкогон, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы С.Сәмиев т.б. негізгі баяндамаға өз ойларын қосып, жолдау жөнінде пікірлерін тарқата айтты. Актив жиынына қатынасушылар маңызы мен мәні ерекше Жолдаудан туындайтын міндеттер мен мақсатты істерге сеніммен қарап, жұмыстануға бағыт алды.

Адақ ШОТПАНОВ