24 10 18 news 6Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемнің мықты елдерімен  үзеңгі қағыстыруға талпынып  келеді. Әрине, Елбасы Жолдауының мақсаты – елімізді жаhандық бәсекеге қабілетті ету. Яғни, Елбасымыздың нақтылап берген саяси бағыты мен жоспарын бірлік пен берекемізді жарастырып, жұмыла жүзеге асыру міндетіміз болып табылады. Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналып, адамзат өміріне қажетті салалардың барлығына тоқталып өтіп, арнайы тапсырмаларды бекіткен  болатын. Жалақының өсуі, білім, денсаулық саласының сапасын арттыру, тұрғын үй мәселесін одан әрі дамыту секілді міндеттерді межеледі.

Осыған дейінгі Елбасының қай Жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөлініп келді. Жастар мәселесі биылғы жылғы Жолдауда да ескерусіз қалмады. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын»-деген болатын Елбасымыз. Біз үшін бұл үлкен  мәртебе. Еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігі аса маңызды деп санаймын. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние.

 Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселелерді шешу жолдарын жастар қолдайды. Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Біз Елбасымыздың жастарға артқан үмітін ақтауға дайынбыз.

 Әлия Күзбаева,

 аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығы» КММ әдіскері