рисунок

Елбасы Н. Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын «Туған жер»  бағдарламасына сәйкес облыстық «Жайық Пресс» медиахолдингінің өңірімізге  арнап  жоспарланған  «Туған жер» этно-мәдени жобасы аясында жақында Шыңғырлау жерінде  айшықты шара оздырылды.

Үлкен жоспармен, маңызды бағ-дарламамен іссапарға шыққан делегацияны  аталмыш  медиахолдингтің  бас директоры  Рауан Сәбитов бастап алып жүріп, алты ауданнан соң  біздің ауданымызға  қазан айының 17-күні  бас тіреп,  бір күн ішінде  нәтижелі де ауқымды жұмыстар атқарды.

Делегация өкілдері ең алдымен  аудан әкімі Альберт Есалиевтің қабылдауында болып, ауданның  тыныс-тірлігі туралы  мағлұматтарымен танысып,  аудандағы келелі  және игілікті істерден хабардар болды. Табиғаты әсем,  адамдары еңбекқор, гүлденген, көркейген аудан туралы өздерінің де  ой-пікірлерін  ортаға салды. Жылы жүздесуден соң қонақтар ауданымыздың  көрікті жерлерін аралап,   тарихи-өлкетану музейінде болып, жаңадан және қомақты жасақталған музейдің экспонаттарының көптігіне, жинақталған мағлұматтардың  маңыздылығына  өз  ризашылықтарын білдірді.

Делегация құрамында  «Приуралье» газетінің бас редакторы  Роза Сиықова,  «Орал өңірі» газетінің арнайы тілшілері  Есенжол Қыстаубаев, Гүлбаршын Әжігереева оқырман арасында әңгіме - сұхбаттарын жүргізіп, халықпен тілдесті.

Медиахолдингтің бас директо-рының кеңесшісі  Нұрсұлтан Мықтыбай  және Жансая Бақты-ғалиеваның жетекшілігімен  Л.Қылышев атындағы орта мектепте 7-11  сынып  оқушылары ара-сында  «Өрімтал» облыстық жас тілшілер фестиваліне  іріктеу  кезеңі – шығармалар байқауы ұйымдастырылып, оған  аудан орталығындағы қос мектептің 40 оқушысы қатысып бақ сынасты. Байқау қатаң  түрде өтіп және ұйымдастырушылар оны әділ бағалауға тырысып бақты, себебі осындағы жеңімпаздар  келесі тур - облыстық байқауға жолдама алмақ.

Ал Рауан Сәбитов бастаған топ  ауданымыздың көне көз қарияларымен,  ақсақалдарымен кездесіп,  олардың  өтініш-тілектерін тыңдап, көпте-ген  сұрақтарына жауап берді.

Осы кезде   аудандық колледж  сту-денттерімен  Орал өңірі газетінің тілшісі  Гүлбаршын Әжігереева жүргізсе, ал  аудандық  аурухана ұжымы - ақ  халатты жандармен  «Приуралье»  облыстық газетінің  бас редакторы  Роза Сиықова кездесіп, емен-жарқын әңгімеге құрылған сәтті кездесу өтті.

Іссапардың   қорытынды кезеңі аудандық мәдениет үйінде оздырылып, мұнда да  халық көптеп жиналды.  Оқушылардан бастап  үлкендерге дейін  ауыл тұрғындары  келіп,   жарқын мерекенің  мәрелі сәтін бірге бөлісті.

Сахна төріне  медиахолдинг бас директорының кеңесшісі  Нұрсұлтан  Мықтыбай шығып, «Туған жер» этно- мәдени  жобаның кезекті бағдарламасын ұсынып, осы сәтке арнайы құрылған Гала концерттің шымылдығын ашып берді. Экранда Шыңғырлаудың таби-ғаты бейнеленген, әнмен, сазбен өрнек-телген бейнебаян көрсетіліп,  Мұхит Байғалиевтің орындауында «Шыңғырлауым - сәнді өлкем» әні шырқалды. Жиналған жұртшылық  Шыңғырлау туралы әнге елтіп, табиғатын сүйсіне тамашалады.   Мінберге шығып сөз сөйлеген  аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Бейсен бұл күнгі  шараның мақсатын  айта келе,  аталған бағдарламаның  жас ұрпақ пен біздің еліміз үшін  айтарлықтай маңыздылығын  түсіндіріп, осы бағытта іссапармен келген  қонақтарға  зор алғысын білдірді.

Сахна төрінде  Орал қаласының  Ғарифолла Құрманғалиев атындағы  облыстық филармонияның әншілері шығып, патриоттық әндер шырқап,  шараның шырайын келтіріп, көрерменге шаттық көңіл-күй сыйлады.

Тыңдарманының  жүректеріне шуақ  құйып,  ән-жырға  бөлеген  Асланбек Қуаналиев,  Дархан Құлбабаев,  Алтынбек Оразов,  Ақмарал Кемелхановаға  жұртшылық   ұзақ қол соғып, риза болды.

Шараның ең негізгі бөлімі, марапаттау сәті  ерекше бір ықыласқа толы болды. Себебі, екі облыстық  және аудандық газеттерге қолдау көрсетіп, басылымға жазылу науқандарында  айтарлықтай еңбектері сіңген бірнеше газет демеушілеріне, ауыл әкімдері - Самиғолла  Уржановқа, Асылхан Нұрышевқа, Рүстем Ислямовқа, кәсіпкерлер Бақытжан Казеновқа (сертификат), Ержан Рамазановқа   (сертификат) Ха-лық Шалабаевқа (сертификат), мекеме басшылары  Сергей Астафьевқа, Гүлсім Қуанаеваға, газет тасушылар – Майсара Мақановаға, Людмила Шлегельге  Алғыс хат және сыйлықтар берілді. Осы шарада медиахолдингтің  атынан газетте мақалалары көптеп жарияланып жүрген  Қуаныш Есенов,    Марат  Мәмбетовқа, Сания Бекбулатова, Самат Байболатқа «Штаттан тыс тілші» куәлігі берілді.

Шарада  «Өрімтал» облыстық  жас  тілшілер фестивалінің  облыстық іріктеу кезеңіне  өткен оқушылар   Толқын Аблай (жетекшісі Әсем Тугарисова), Ажар Шәріпқали (жетекшісі  Айнұр Сейітова),  Зергүл Ажмұратоваға (жетекшісі Шахижамал Боранбаева)  медиахолдингтің жолдамасы салтанатпен тапсырылды.

Айта кету жөн,   бірнеше жылдар бойы  аудандық газеттерде мақалалары  жарияланып, шығармаларымен көзге түсіп жүрген, болашақта  да газет жұмысына ат салысатын, оқушылар  Виктория Астафьева, Айнұр Тимурова, Гүлбақыт  Жалғасбаеваға   осы  сахна төрінде «Жас тілші» деген   куәліктер салтанатпен  ұсынылды.

Ауданымызда бір күн  болса да  айтар-лықтай  іс атқарып, газет жанашырларын жинап, олардың белсенділігін арттырып және олардың  газетке қосқан жұмыстарын бағалап,   әрі мереке сыйлаған  медиа-холдинг қызметкерлеріне  үлкен алғыс дей отырып,  осындай   жұмыстар әлі де жалғасын тауып, ауданымыздың тағы да мерейін тасытар деген сенімдеміз.

рисунок

рисунок

рисунок

А.Шотпанов,

А.Арыстанова,

Е.Кива.