24 10 18 news 1

Қазан айының алғашқы күндерінен бастап «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарында есеп беру жиындары өтуде. Бүгінгі күнде барлық ауылдық округтерде бастауыш партия ұйымы басшыларының есептері тыңдалып, жұмыстары бағаланды.

Ардақ ауылдық округінде өткен жиынға халық көп жиналды. Кездесуді кіріспе сөзбен ашқан бастауыш партия ұйымының төрағасы Е. Қалиев күн тәртібіне сәйкес алғашқы сөзді аудандық «Нұр Отан» партиясы ұйымының төрағасының бірінші орынбасары Светлана Бәйтенова Елбасының Халыққа арнаған Жолдауы бойынша мағыналы  баяндама жасап, келгендерге терең түсінік берді. Светлана Ешматқызының жан-жақты талдай отырып, нақты мысалдармен дәлелдей айтқан сөздерін көпшілік жақсы қабылдады.

Жолдауды қолдау мақсатында округ әкімі С.Уржанов, мектеп мұғалімі А.Журманов жарыссөзге қатынасып, өз ойларын ортаға салды.

Осыдан соң Ардақ ауылдық округі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы Елеу Қалиев жыл басынан бері атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасады.

«Рухани Жаңғыру» бойынша атқарылған жұмыстарын негізге ала отырып жасалған баяндамадан жүйелі жұмыстың жақсы жүріп жатқанын түсіндік.

Жиын соңында аудандық «Нұр Отан» партиясының конференциясына делегаттар сайланды.

Адақ ТАНАБАЙҰЛЫ