11 10 18 news 4

Қартын қадірлеген елміз, үлкендерге ізет көрсетіп келе жатқан ұрпақпыз. Жылына бір келетін мерекені қарттардың жадында қалатындай етіп өткізу басты міндет. Атаулы күні аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан көмек алып жатқан қарияларға “Қарттарды қадірлейік” атты 1 қазан халықаралық қарттар күні мерекесіне орай  дәстүр бойынша үлкен шаралар ұйымдастырылды.

Мерекеде аудан әкімі А.Есалиев қызмет алып жатқан қарттарымызды мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілеп, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Х.Абдуғазиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Н.Жұмағұлова мерекелерімен құттықтап, алғыстарын білдірді.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерімерекелік шараны ән-күймен өрнектеді. Шын көңілден риясыз қуанған қарттар жастық шақтарын еске алып, би билеп, ән шырқады.

Осы күні арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан А. Бисембаев 76 жасқа толып жатқан туған күнін және зайыбы Н.Занегинамен отау құрғанына 7 жыл толғандарын атап өтті. Шара соңыңда қарияларымыз өздеріне арналған шынайы ықылас үшін шын көңілден шыққан алғыстарын білдіріп, жанарларына жас алып жатты.

Қарияларын ерекше сыйлап, әрдайым төрінен орын сайлап, барлық құрметті соларға көрсетіп келе жатқан дана халықтың ұрпағымыз. Қарияларға қамқор болу-барлық қоғамның және бәріміздің мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар - мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Ардақты да, асыл қазынамыз - қарттарымыздың көңіл-деріне қаяу түспей, әрқашанда ортамызда аман жүрсін дегіміз келеді.

11 10 18 news 5

Г. Алпысбаева,

АЖҚӘБ бөлімі үйден арнаулы әлеуметтік

көмек көрсету бөлімшесінің кеңесшісі