11 10 18 news 3

Үлкенге деген құрметті паш ететін, мейірімділік пен ізгіліктің мерекесіндей болған қариялар күнін атап өтуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ерекше дайындалды.

Күн ілгері жасалған жоспар негізінде үйден көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлері осы көмек түрін алып отырған аудан орталығындағы 80 қарияның үйлеріне барып, құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Қарттардың бүгінгі тыныс-тірлігімен танысқан,  өтініштерін тыңдаған бөлім бастығы А. Сұлтанов олардың әрқашанда қамқорлықта болып, назардан тыс қалмайтындықтарын жеткізді.

Осы күні бөлімше қызметкерлері аудандық мәдениет тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімімен бірлесе отырып,  аудандық мәдениет үйінде  «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мерекелік кездесуде аудан әкімі А.Есалиев,   мәслихат хатшысы Г. Волкогон қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына бақ-береке тіледі.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, әсем әуенімен, күмбірлеген күйімен, мың бұралған биімен концерт залына  жайғасқан қарттарға әдемі мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жылы лебіздер мен ауданға сіңірген еңбектері үшін алғыс сөздерін естіген қарттарымыз осы кештен қанаттанып, бірнеше жасқа жасарып шыққандай әсер қалдырды.

Н. Жұмағұлова,

 АЖҚӘБ бөлімі үйден арнаулы әлеуметтік

көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі