11 10 18 news 2

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 5 институционалдық реформасы және «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен айқындалған маңызды кезең бүгінгі таңда одан әрі дамуда.

Осы орайда, біздің партия жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолымен жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуға күш салады.

«Нұр Отан» партиясы өзінің «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде, жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын жасау жолында және жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуға салмақ салуда. Бұл шараларды іске асыру мақсатында Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс жасауда. Аталған қоғамдық кеңестің құрамындағы мүдделі мекеме басшыларының “Нұр Отан” партиясы мүшелерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есептері жоспарлы тыңдалып, жемқорлық және құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған тапсырмалар беріледі. Жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Г.Бисенғалиеваның төрағалығымен комиссия отырысы болып өтті.

Кеңес отырысында ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатындағы жұмыстар туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Нұржановтың, Шыңғырлау спорт клубындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы мен жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Ө.Бекениязовтың баяндамалары тыңдалып, қоғамдық кеңес мүшелері шара соңында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар,   “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова «Нұр Отан» партиясы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ұйымдастырған «Арыңды таза ұста» атты әлеуметтік  жарнамалық конкурс туралы ақпаратпен таныстырды.

Алина Шандатова,

«Нұр Отан» партиясы аудандық

 филиалының кеңесшісі