11 10 18 news 1Баршамызға мәлім, өткен 2017 жылдың 12 сәуір күні Қазақстан Республикасының Призеденті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Елбасымыздың бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.

Мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұрады. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізеді, бұл бағытта әр азамат өз үлесін қосуға тиіс.

Республика    көлемінде Елбасымыздың маңызды мақаласын жүзеге асыру мақсатында түрлі жоспарлар жасақталып, ауқымды жоба-лар жүзеге асырылуда. Ұмы-тылып қалған дәстүрлерімізді жаңғырту, елеусіз қалған салтымызды жандандыру, латын қарпіне көшу, тіл үйрену секілді жұмыстармен қатар, осы бағдарлама аясында жерлестеріміздің кіндік қаны тамған туған жеріне қолдау көрсету шараларының қарқынды жүріп жатқанын атап өтуге болады.

Шыңғырлау ауданы бойынша да Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларынан туындайтын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша аудандық штаб құрылып, кіші бағдарламаларын іске асыру жөнінде аудандық жоспар бекітілді.

Жоспарға  өңірімізді  көркейтуге, туған өлкеміздің табиғатына, тарихына, атақты тұлғаларына, аңыз-әңгіме-леріне қатысты кітаптар шығару, бейне роликтер түсіру, мұражай салу, экологиялық айлықтар өткізу арқылы ауылдарымызды көркейту секілді шаралармен қоса, рухани мәдениетімізді дамытуға бағытталған мәдени шараларды оздыру жұмыстары енгізілді.

Жоспар бойынша енгізілген жұмыстардың түпкілікті нәтижесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары болып көзделген: прагматизм, білімінің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік, ұлттық кодтың сақталуы, сананың ашықтығына қол жеткізуге бағытталған.

Нәтижесінде, Елбасының ұстанған  саясатын жүзеге асыру бағытында, ауданымызда ауыл  мәдениетін көтеруде елеулі  жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, туған еліміздің адамдарын ұлықтау мақсатында жерлес ақындардың шығармашылық кештері, Шыңғырлау ауданының тарихын зерттеуге бағытталған облыстық конференциялар мен семинарлар, ұлттық өнерімізді игеруге бағытталған түрлі акциялар жыл бойына оздырылуда. Аудан орталығында тарихи құндылығымызды, мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беріп, ауданымыздың тарихын жандандыру мақсатында өткен жылы аудан орталығында тарихи өлкетану музейі салтанатты түрде ашылса, Шыңғырлау ауданы аумағындағы құлпытастарды зерттеп, ондағы жазулардың араб әліпбиінен аударылған нұсқасы жинақталып, «Құлпытас сырын ашайық» деген атпен кітап және жыр жазуға жақын аудан тұрғындарының қаламынан туған өлеңдерді халыққа паш ету мақсатында ауданымыздың ақын-дарының «Елек толқыны» атты жыр жинақтары, «Шыңғырлау» атты аудан тарихы, танымал тұлғалары, табиғаты туралы кітабы жарыққа шығып, аудан туралы бейне фильм түсірілген болатын.

Жалпы осы тектес жұ-мыстар бағдарлама жарыққа шыққаннан бастап, жаңғыруды жақсы дәстүріміз, ізгі салтымызды насихаттау тұрғысында қолға алған аудан жұртшылығы осынау ізгі бастаманы ұйымшылдықпен орынды жүргізу үстінде.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген басымдықтар мен нақты мақсат-міндеттерге  қол жеткізу жолында атқарылып жатырған шаралар өз жалғасын әлі де таба бермек.

А. Садықова,

 аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы