25 09 18 news 4

Мемлекет    басшысы    Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   айқындап  берген  Ұлт   жоспары «100   нақты  қадам» бағдарламасын іске асыруда негізгі басымдылық – ол тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсартуға берілді.

Бұл жоспар еліміздің медицина саласын одан әрі дамытуға оң  әсер етпекші.  Елімізде денсаулық сақтау саласының дамуына көп көңіл бөлінуде. Ауыл-аймақта жаңа нысандар бой көтеріп, кейбіреулері қайта жаңартылуда. Осындай бір іс бүгін Ақтау ауылында жүзеге асып отыр.

Халық  денсаулығын  сақтауда  маңызды нысан болып табылатын алғашқы көмек көрсету мақсатында  фельдшерлік-акушерлік  пункт  жөндеуден  өтіп, қайта  қолданысқа берілді.  Жобаның бас мердігері  «Батыскотломонтаж» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі.

Ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзін алған аудан әкімі Альберт Темірболатұлы ауыл тұрғындары үшін барлық  жағдайдың жасалынып жатырғанын айтып, елдің көркеюі үшін бар күш-жігерлерін жұмсап, ауызбіршілік таныту керектігін еске салып өтті. Сонымен қатар жиынға  облыстық  денсаулық  сақтау  басқармасының орынбасары Айзада Шукурбаева келіп  қатысты. Фельдшерлік-акушерлік пунктінің  ашылу құрметі А.Шукурбаева мен ауыл тұрғыны Ж.Баймұхановаға берілді. Сондай-ақ, Ақтау ауылының тұрғыны, Шыңғырлау ауданының құрметті азаматы Клим Бексейітов атамыз  ауыл халқы атынан  алғысын білдіріп,  осындай жақсы жаңалықтар көп болсын деген жүрекжарды  тілегін жеткізді.

Бүгінгі күні дәл осындай нысандар Қарағаш, Амангелді, Шоқтыбай ауылдық округтерінде күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа  өтті.

Осындай игі істеріміз көп болғай!

Әлия НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ